• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:48:04
+35°

04 Мамыр, 2015 NEWS

WashingtonPost: Ресей Украинадан кейін Қазақстанға ауыз сала ма?

Жақында АҚШ-тың WASHINGTONPOST басылымы Қазақстанның қазіргі саяси позициясын өзінше бажайлай келе тұжырым жасаған көлемді мақала жариялады. Мишел Бирнбаум (

Жақында АҚШ-тың WASHINGTONPOST басылымы Қазақстанның қазіргі саяси позициясын өзінше бажайлай келе тұжырым жасаған көлемді мақала жариялады. Мишел Бирнбаум (Michael Birnbaum) АҚШ журналистінің 2 мамыр күні жарық көрген мақаласын «Қамшы» порталы қазақ тіліне аударып, назарларыңызға ұсынуды жөн көрді.

Астана, Қазақстан - Қазақстандағы саяси жағдайлардың ақыры Украина сценариіне әкеліп соғу мүмкін. Себебі, Қазақстандағы орыс ұлтшылдарының ел территориясында орыс тіліне қысым жасалып, шектеулер қойылып жатқанын ескертеді.

Былтыр, Ресей дәл осындай желеумен Украинадан Қырымды тартып алған болатын.

Биылғы жылғы сайлауда Президент Назарбаев 98 пайызға жуық дауыс жинап, кезекті жеңісіне жетті. Алайда, 74 жастағы Назарбаев өзінен кейін таққа отыратын кандидатты (мұрагерін) әлі атап көрсеткен жоқ. Қазір, елдегі екі ұлттың да өкілдері Президент Назарбаевтан кейінгі елдегі саяси ахуалдарға алаңдаушылықпен қарайтыны мәлім.

Қазақстан халқының 1/4-ін орыс халқының өкілдері құрайды. Иә, Қазақстандағы орыс ұлтшыларының да айтары сол Украинадағы орыс диаспораларыныкіндей. Бір сценарий. Кейбір орыс ұлтшылдары қазірдің өзінде, тілдік жағынан қысым көріп жүргендерін айтуда. Олардың айтуынша, Қазақстанда орыс тілі аясының тарылуы көптеген келеңсіздіктерге әкеліп соғуда. Тіпті, кейбір этникалық орыстар Кремльден аталмыш мәселеге қатысты көмек сұрап, хабарласқан. Десе де пост-кеңестік аппаратшы Назарбаев Қазақстандағы орыс этникасына аса қамқорлық танытатыны белгілі. Ал Қазақ лидері ел ішінде этникалық алауыздықты болдырмауға уәде еткен.

Президент Назарбаев, сайлау алдында Қазақстан халқы ассамблеясымен кездесуінде (конгресс этнических групп, предназначенных для построения кросс-културное единство)"Біз Қазақстанда этникалық радикализмді болдырмау үшін барлық шараларды атқарамыз",-деген болатын. Ол былтыр, ел территориясындағы сеператизмді болдырмау үшін, нақты тапсырмалар беріп, жазаны күшейткен. Сондай-ақ, Назарбаев мырза этникалық қазақтарды елге қайтаруға бар күшін салуда. Ол Қазақстандағы этникалық орыстар елдің солтүстік аумағына шоғырланған.

Ал Ресей Президенті Путиннің Ресей жастарымен кездесуінде жасаған мәлімдемесі Қазақ қоғамында дау тудырды. Ол былтыр, жастармен кездескенде "Президент Назарбаев тұңғыш болып Қазақ мемлекетін құрды. Бұрын қазақтарда мемлекет болмаған болатын", деген болатын. Сол кезде Путин бүкіл әлемдегі орыс тілділердің құқығын қорғайтынын айтқан еді. Қазіргі таңда, Қазақстан уран өндірісі жөнінен әлемдік лидерлер қатарына кіреді. Ал Ресей өз кезегінде буфер ретінде рөл ойнауға ниетті екені тағы рас.

"Назарбаевтан кейін біз өтпелі кезеңге ауысамыз. Өте қауіпті өтпелі кезеңге! Тіпті, Про-ресейлік сеператистер елдің шығыс территориясын басып алғаны секілді, Украина сценариі бізде де қайталануы мүмкін. ", - дейді саясаттанушы Досым Сәтпаев.

Қазақстан өте нәзік саясатты ұстанып отырған мемлекет. Ол көп ұлтты. Өйткені, бұрынғы кеңестер одағы тұсында Қазақстан саяси қоқыс алаңы рөлін атқарған. Кеңес саясаты мен соғыс жылдарында мұнда саяси депортацияғы түскен (жер аударылған) түрлі этникалық топтар мен тұтқындар жер аударылып әкелінген. Содан бері, олар осы жерге тұрақтап қалған. Осылайша, түрлі ұлттардан құралған мемлекет 1991 жылы тәуелсіздік алып, бұрынғы партия өкілі Назарбаев мырза елді басқарып келеді. Ол сондай-ақ, осы ұлттарды тату-тәтті, ұйыстырып басқаруда. Президент Назарбаев халықтың басым көпшілігі тұтынатын ислам дініне жол ашып, мұсылмандарға көмек берді. Сонымен қатар, ол елдегі экономикалық саясатты да өте ұтымды шеше білуде. Ол Ресей мен Қытайдың ортасында отырып, соларға ғана арқа сүйемей, Батыс елдерімен де байланысын арттырды. Соның нәтижесінде АҚШ қазақ мұнайына миллиардтаған инвестиция салды.

Дегенмен, Қазақстан этникалық қарама-қайшылықтар мен жанжалдардан таза емес. Қазақстанның 38 пайыз халқын этникалық орыстар құрайды. Бұл 17 миллион халқы бар елдің бесінші бөлігі секілді. Ал ресми деректерде Қазақстан халқының 66 пайызын қазақ ұлты құрайды деп көрсетілген және бұл көрсеткіш өсуде. Себебі, Президент Назарбаевтың этникалық қазақтарды ата жұртқа әкелу саясаты бар. Көптеген орыс этникасы өкілдері Ресейге қоныс аударуға мәжбүр болған. Ал Қазақстанда қалғандары "бұлар Назарбаевтан кейін басқа саясатты әзілеп жатыр. Қазірдің өзінде мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік ортада біздің тіліміз, дініміз шектелуде",-дейді.

2300-ethnicRussian

Бұл жерде БАҚ-тың да рөлі ерекше. Мысалы, кешегі Қырым аннекциясы кезінде барлық ресейлік телеарналар националистік жүйеге ауысып кетті. Бір ғана мысал, "Киев этникалық орыстарды аяусыздықпен өлтіруге дайын" деген материал жарық көрді ғой. Сол секілді, Қазақстандағы бірқатар, бұқаралық ақпарат құралдарының да көздегені Ресей мүддесі екені анық. Украинада қақтығыстар басталғанда Қазақстандық арналар Ресейдің ақпаратын беріп отырды. Әрине, біржақты.

Соңғы кездері, Қазақстандағы қазақ тілінің статусы көтеріліп келеді. Барлық мемлекеттік қызметтегілерге қазақ тілін білу шарт болып бекітілген. Елдің демографиясы да қарқынды өсуде. Президент Назарбаев жастардың үш тілді еркін білгенін қалайтынын айтқан. (Қазақ, орыс және ағылшын тілдері).

"Біз Қазақстанда тұрамыз. Сондықтан қазақ тілін білуіміз керек",-дейді парламент мүшесі Светлана Ромоновксий. Бірақ, іс жүзінде...

Рас, Қазақстандағы орыс этникасының алдағы кезеңдерге қатысты уайымы белгілі. Тіпті, кейбір орыс бірлестіктері басшылары Мәскеуге хат та жолдаған.

"Ауылдық жерлерде білімі таяз азаматтар жетерлік. Оларды орыстаға қарсы қою өте оңай. Қырымның Ресей құрамына қосылуынан кейін Қазақстанда анти-орысшылдардың қатары күрт өсіп кетті. Назарбаев мырзадан кейін елдегі жағдай қандай болатыны белгісіз. Сондықтан бізге қолдау керек, көмек керек. Тез арада",- дейді ҚХА, Орыс бірлестіктері өкілі Юрий Бунаков.

Көптеген саясаттанушылар Ресей Қазақстанды Қытай мен Батысқа бергісі келмейді. Сондықтан, бар күшін салып, өзінің одағында алып қалуға тырасады деп есептейді. 1 қаңтардан бастап күшіне енген құрамында Белорусия, Ресей, Армения және Қазақстан кіретін ЕАЭО аясында, Путин мырза ортақ валюта енгізбек болып еді, Президент Назарбаев мырза, Путиннің бұл әрекетіне тоқтау салды.

Шенеуніктер, Қазақстанның қазіргі көпұлтты саясаты Назарбаев Президенттіктен кеткеннен кейін де сақталып қалады дейді.

Ал, Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрі Ерлан Ыдырысов мырза болса, аталмыш қауіптердің барлығы негізсіз екенін айтқан.

Бірақ, мынаны естен шығармаған жөн. Бұл саяси "мачт" болса, ондаған жылдар бойы тең түсіп келе жатқан ойын, бір-ақ, күнде үлкен жеңіліске әкеліп соқтыруы мүмкін. Кез-келген мулти-этникалық мемлекетте ұлтаралық кикілжіңдер ішін-ара болып тұратыны тағы рас. Мұның арты халықаралық жанжалғарға дейін баруы да бек мүмкін.

Түпнұсқа мақаланың сілтемесі осы жерде

Ағылшын тілінен аударған: Нұргелді Әбдіғаниұлы

Сурет: washingtonpost.com

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір