• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Тамыз, 13:22:19
Әкімдік қызметкерлері мен БАҚ өкілдері арасындағы аладоп аламаны

08 Ақпан, 2019 Әлеумет

Улы газ датчигін орнатыңыз, өзіңізді және жақындарыңызды қатерден қорғаңыз!

5-7 мың сіздің өміріңізден артық емес!

«Бір отбасының бес баласы тірідей өртеніп кетті», «Бүтіндей бір отбасы ыстан уланып қайтыс болды», «Бір отбасының үш баласы иіс тиіп уланып қалды»... Елімізде орын алған соңғы он күндіктің жаңалықтары осындай. Небәрі он күннің ішінде үш үй өрттің кесірінен аза тұтып отыр. Неге? Себебі өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған. Ал қалай сақтау керектігін кей отбасылар білсе, кейбірі білмейді. Осы орайда Qamshy.kz ақпарат агенттігі "өрттің алдын алу үшін не істеу керек?" деген сұраққа жауап іздеп көрді. Өрт, улы газ, ыс – осындай қауіптердің алдын алуға көмектесетін кішкентай ғана құрылғы бар. Ол – улы газдың тарап кетуінен сақтайтын датчик. Ол ауадағы газ концентрациясының артып кетуін анықтайды, егер газдың шығып жатқанын байқаса, адамдарға дыбыс арқылы сигнал беруге асығады. Оның дауысын тіпті ұйықтап жатқан адам да бірден естіп, үйден уақытылы шығып кетуіне мүмкіндік туады.

Датчиктің кейбір түрлері газды жабуға арналған арнайы механизммен жабдықталған. Қарапайым түрлері газдың ауаға таралуы межеленген шекарадан асып кетсе, бірден дабыл қағады. Әрі құрылғы ғимарат ішінде артық орын да алмайды. Көлемі ұялы телефонмен бірдей құрылғыны үйдің кез-келген бұрышына қоя аласыз.

Алайда мұндай датчиктерді көбіне үй, пәтер тұрғындары қолданбайды. Қойма, асхана, сауда үйі сынды мекемелерден жиі кездестіруге болады.

Жалпы құрылғы және оның жұмыс істеу принципі

Улы газ датчиктерінің бірнеше түрі болады: электромеханикалық, оптикалық, термомеханикалық және газдың түрлі тобына әсер ететін өзге де датчиктер.

Мұндай датчиктер келесідей элементтерден тұрады:

-бастапқы түрлендіргіш – ол ауа кеңістігіндегі газдың таралуын анықтайды.

-өлшеу модулі – бастапқы түрлендіргіштен керегін алып, дәл сол уақыттағы қауіппен салыстырады.

-атқарушы механизм – газды жабатын, не өшіретін электромагнит клапаны (қақпақшасы).

-қуат беруші – аккумулятор түріндегі электр тоғы.

-құрылғы корпусы.

Датчиктер функциясы:

-дыбыс және жарық дабылы;

-Электромагнитті булау арматурасы арқылы газды өшіру;

-Желдету құрылғысын іске қосу;

-Өрт немесе диспетчер құрылғысына апаттық сигнал беру;

Улы газ датчиктері ерекшеліктеріне орай бірнеше топқа бөлінеді. Жіктеп көрейік:

Анықталған газ түріне қарай:

-табиғи газ (пропан, метан, бутан);

-көмірқышқыл газы;

-иіс газы;

Дей тұрғанмен, әртүрлі газдардың шығып кетуінен сақтайтын универсал датчиктер әлі күнге дейін құрастырыла қоймаған. Мәселен, газдың шығу тәсілі әрқалай. Кейбірінің салмағы ауадан жеңіл болғандықтан бөлменің төбесіне шығуы мүмкін, енді бірі салмағының ауырлығына байланысты еденге түседі. Сондықтан, датчикті орнатарда газдың қалай таралатынын анықтап алған жөн. Әсіресе, таулы аумақтарда ауаның салмағы жоғары болады, сол себепті газ еденге түседі. Мұны да ескеріңіз. Ал негізінен датчиктерді еденнен 1,5 метр жоғары орнатады. Мамандар жоғары орнатуға кеңес береді. 

Улы газ датчтиктерін қаладағы сауда орталықтарынан сатып алуға болады. Бағалары әртүрлі – 5 000-нан 50-60 000-ға дейін барады. Төмен бағадағы датчиктерді кіші пәтерлерге қойса да болады. 5000 немесе 7000 теңгені адам өмірімен теңестіре алмайсың. Ал қымбаттары үлкен қоймалар мен сауда үйлеріне қоюға арналған.

Қалай жұмыс істейді?

Улы газ датчигі

-Сымды датчиктер. Мұндай датчиктердің жұмыс істеуі үшін 220 вольтті электр желісінің болғаны жөн. Олардың бағасы төмен әрі қызметі де қарапайым. Кемшілігі – электр қуатын көп жейді.

Улы газ датчигі

-Сымсыз датчиктер. Аккумулятормен жұмыс істейді. Әрі оларды кез келген мекемеде, кез келген жағдайда пайдалануға болады. Кемшілігі – бағасы жоғары әрі электр қуаты үшін де шығын көп кетеді. Сол себепті оларды үлкен қоймаларда пайдалана бермейді.

Улы газ дачтигі

-Қақпақты датчиктер. Қақпақты немесе булы арматура арқылы жұмыс істейтін газдың шығуынан сақтайтын датчиктер жиі пайдаланылады. Себебі, олар жай ғана дыбыс дабылын беріп қоймай, газды өшіретін де мүмкіндікке ие. Мұндай датчиктерді көбіне бойлер, фильтр немесе газ құрылғыларының алдына қояды. Әрі арнайы мамандардың орнатқаны маңызды. Мұндай құрылғысы бар мекеме немесе пәтер иесі өрт жөнінде мүлде алаңдамаса да болады.

Улы газ датчиктері

Сонымен қатар, GSM сигналы арқылы жұмыс істейтін заманауи датчиктер де бар. Олардың ерекшелігі – қатер болар алдында дабыл үй иесінің телефоны арқылы беріледі.

Құрылғыны қалай орнату керек?

-Датчиктерді негізінен ас үйде, яғни газ плиталарының, баллондардың, жалпы газ құрылғыларының жанына орнатқан жөн.

-Газ анализаторларын түрлі аэрозоль және аммиак бөлетін мекемелерде орнатуға тыйым салынады.

-Әрі есік, терезелердің жанына да орнатуға болмайды.

-Мамандар ауа циркуляциясы жоқ жабық кеңістіктерде орнатпауға кеңес береді.

-Сонымен қатар, датчиктерді газ құрылғыларының үстіне орнатуға қатаң тыйым салынған.

Улы газ датчиктері

Құрылғыны орнатқаннан кейін жиі бақылауда ұстаған жөн. Құрылғы тұрған орынды тиісінше тазалап, шаңын сүртіп қою керек. Себебі әлгі шаң датчиктің сезгіш элементіне тиіп кетпеуі тиіс. Әрі мамандар датчиктің газға әсер ету-әсер етпеу процесін де бақылап отыруға кеңес береді. Ол үшін қарапайым оттықты пайдалансаңыз да болады. Оттықты жағып, құрылғының жанында бірнеше секунд ұстайсыз. Датчик әсер етіп, дабыл қағуы тиіс. Олай болмаса, істен шыққанын білдіреді. Сонымен қатар дыбыс сигналы өзге де бөлмелерге естіліп тұруы керек.  

Улы газды ескертетін iPhone

Улы газ датчигі

Жаңа iPhone-дарға газдың шығуынан сақтайтын датчиктер орнатылуы мүмкін. PatentlyApple мәліметіне сүйенсек, Apple компаниясы тиісті патентті тіркепті.

Патентте көрсетілгендей, смартфонға партотивті газ анализаторы орнатылады. Ол көміртегі тотығы, азот диоксиді, метан және азот тотығын анықтайды. Бұлардың бірлестігі тұрмыстық газдың құрамына кіреді. Құрылғының бір ерекшелігі, газдың шығып жатқанын байқаса, тек қана дабыл қағып қоймай, автоматты түрде арнайы органдарды да шақырады. Смартфонның бағасы әзірге белгісіз.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір