• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Тамыз, 19:30:05
Атыраулық «Жасыл ел» сарбаздары облыс аумағын 180 текше метр қоқыстан тазартты

12 Ақпан, 2019 Оқиғалар

Шымкенттегі жарылыстан екі адам ауыр жарақат алды

Тұрғындардың айтуынша, жарылыс болған үйде жас отбасы үш баласымен бірге тұрады.

Шымкенттегі жеке тұрғын үйде болған жарылыстың себебі белгілі болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Алмас Садубаев хабарлады. 

Айта кетсек, кеше сағат 11:00-де Забадам шағын ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде артиллериялық снаряд жарылды. Жарылыстан 2 адам зардап шегіп, дәрігерлер 1984 жылғы ер адамның сол қолы мен аяғын кесуге мәжбүр болды. Оның қазіргі жағдайы ауыр. Ал 1998 жылғы зардап шегушінің сол аяғы сынған. 

Алмас Садубаевтың айтуынша, зардап шегушілердің бірі снарядтарды бөлшектеп, темір ретінде өткізбек болған. 

Жедел іздестіру тобы оқиға орнынан тағы да бірнеше оқ-дәрі тапқан. Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 287-бабымен іс қозғалды. Соталды тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Тұрғындардың айтуынша, жарылыс болған үйде жас отбасы үш баласымен бірге тұрады. Таңертең әйелі жұмысқа, екі бала балабақшаға, біреуі мектепте кеткен.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір