• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Тамыз, 11:30:33
Әкімдік қызметкерлері мен БАҚ өкілдері арасындағы аладоп аламаны

12 Ақпан, 2019 NEWS

Министр Қасымов қызметінен кетті

Елбасының жарлығымен Қалмұхамбет Қасымов жаңа қызметке тағайындалды

Қалмұхамбет Нұрмұханұлы Қасымов қызметінен кетті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен  Ішкі істер министрі қызметін атқарған Қалмұханбет Қасымов Елбасының көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы  қызметіне тағайындалды. 

«Ол Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметінен босатылсын», - делінген Мемлекет басшысының Жарлығында. 

Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы 1957 жылы Алматы облысы Іле ауданының Дмитриевка аулында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген, мамандығы - заңгер. Полиция генерал-полковнигі.

1979 жылдан бастап - тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, Алматы облысы ІІБ Іле аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары.

1988 жылдан бастап - Алматы облысы ІІБ-нің қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары.

1989 жылдан бастап - Алматы облысы ІІБ Қапшағай ІІБ-нің бастығы.

1992 жылдан бастап - Алматы облысы ІІБ Криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облысы ІІБ бастығының бірінші орынбасары.

1997 жылдан бастап - Алматы қаласының ішкі істер бас басқармасының бастығы.

2003 жылдан бастап - Алматы облысы ішкі істер бас басқармасының, Ішкі істер департаментінің бастығы.

2005 жылдан бастап - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші вице-министрі, вице-министрі.

2009 жылдан бастап - Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы.

2011 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.

Мемлекеттік наградалармен наградталған:

ІІ дәрежелі «Данқ» орденімен, «Астана» медалімен, «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін», «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

Ұсынған: Назерке Лабихан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір