• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Мамыр, 08:24:47
Алматы
+35°

25 Ақпан, 2019 Саясат

Ұлттық банкке жаңа төраға тағайындалды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы болған Данияр Ақышевтің отставкасын қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы болған Данияр Ақышевтің отставкасын қабылдады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Сенат отырысында депутаттар Ұлттық банк төрағалығына Ерболат Досаевтың үміткерлігін қолдаған еді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұлттық банк төрағалығына үміткерді ұсынбақпын. Нұрсұлтан Назарбаев бұл орынға Ерболат Досаевты лайық деп санайды. Ол қызметі уақытында өзін білікті қаржыгер ретінде көрсете алды. Оның тағайындалуына келісімдеріңізді берулеріңізді сұраймын», - деді Президент әкімшілігінің төрағасы Әсет Исекешев.

Айта кетейік, Ерболат Досаев 1970 жылдың 21 мамырында Алматы қаласында дүниеге келді.

Әрі қарай:

  • 1997 ж. - «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» ЖАҚ Басқарма Төрағасы;
  • 1998 ж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңесшісі;
  • 1998 ж. – Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;
  • 2000 ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі;
  • 2001 ж. – Қазақстан Даму банкі Директорлар Кеңесінің Төрағасы;
  • 2001-2003 жж. - Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің Төрағасы;
  • 2003 - 2004 жж. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма мүшесі;
  • 2004 - 2006 жж. - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
  • 2006 - 2012 жж. «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы;
  • 2012 жылғы 25 қыркүйектен Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі.
  • 2013 жылғы 16 қаңтардан Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
  • 2014 жылғы 6 тамызы - 2016 жылғы 5 мамыр аралығында -Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен (№ 880) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
  • 2016 жылғы 16 мамырдан - «Бәйтерек»Ұлттық басқарушы холдингі басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

Ал Данияр Ақышев 2007 жылдың тамызынан бүгінге дейін Ұлттық банк төрағасы болды.

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір