• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Шілде, 05:53:50
Путин Зеленскийге барлық тұтқынды алмастыруды ұсынды

11 Сәуір, 2019 NEWS

Кезектен тыс Президент сайлауына қанша қаражат жұмсалатыны белгілі болды

Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасап, сайлаудың 9 маусымда өтетінін айтқан болатын

Бұл қаражаттың 70 пайызы сайлау округінде жұмыс істейтіндердің жалақысына жұмсалмақ, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс сайлау өткізу үшін 12 млрд тг қаражат сұраған. Бұл жайында қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлімдеді.

«Орталық сайлау комиссиясы 12 млрд көлемінде қаржы сұратты. Нәтижесін алдағы уақытта жариялайтын боламыз. Мүмкін қаражат көлемі азаятын шығар, дегенмен әлі белгісіз», - деп айтты вице-министр.

Оның айтуынша, бөлінген қаражаттың 70 пайызы сайлау округінде жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысына жұмсалмақ.

«Егер барлығы есептеліп шешім қабылданса, екі күн ішінде сараптама жасап, қорытынды жасауға дайынбыз. Өткен жылы сайлау 2020 жылы өткізілетін болса, оған 8,8 млрд теңге қаражат жұмсауды жоспарлағанбыз. Алайда, ең төменгі жалақы мөлшері өсіп, кішкене өзгерістер болды», - деді Берік Шолпанқұлов.

Естеріңізге сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасап, сайлаудың 9 маусымда өтетінін айтқан болатын.

Ұсынған: Назерке Лабихан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір