• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Шілде, 01:06:41
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесі мен құрамы бекітілді

16 Сәуір, 2019 Денсаулық

Сақ болыңыз: обырдың байқалмайтын белгілері

Күніне екі немесе одан да көп шыныаяқ кофе ішетін адамдардағы өкпе қатерлі ісігінің қаупі 41 пайызға артады.

Зерттеуші дәрігерлер обыр ауруының аса назар аударта қоймайтын, бірақ байқалған бойда медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінуге кеңес беретін симптомдарын атады.

Мамандардың айтуынша, обыр дертінің ең көп кездесетін белгілерінің бірі – үздіксіз шаршаңқылық.

"Егер сіз қалыпты жағдайдан да қатты шаршаған болсаңыз, дәрігер кеңесіне жүгініңіз", - дейді зерттеуші мамандар.

Бұдан бөлек, салмақтың тез өзгеруі, емделу барысында да тыйылмайтын ауырсынулар, теріде түрлі белгілердің пайда болуы, суыққа қатысы жоқ қызудың көтерілуі обыр дертінің алғашқы сиптомдары болуы мүмкін. Сондай-ақ, дәрігерлер себепсіз жөтел мен зәр шығу үдерісінің бұзылуын, дене ісіктерін де осы санатқа жатқызады.

Медицина қызметкерлері азаматтарға жиі тексерістен өтіп тұруға кеңес береді. Осы кезде ғана қатерлі ісікті жаңа басталған уақытында анықтап, оған ем қолданудың оңай болатынын алға тартады.

Дәрігерлер кофені жиі тұтыну да қатерлі ісік дертінің қаупін арттыратын бірден-бір фактор екенін айтады. Тіпті, темекі шекпейтін, бірақ күніне екі немесе одан да көп шыныаяқ кофе ішетін адамдардағы өкпе қатерлі ісігінің қаупі 41 пайызға артады екен.

"Денсаулық – бірінші байлық". Бағасыз байлықтарыңызды кепілдендіруді ұмытпаңыздар.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір