• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Қыркүйек, 20:46:05
Кекілбаевқа арналған кеш

25 Сәуір, 2019 Кәсіпкер

Теңіз жағасындағы үйден миллиондар тапқан кәсіпкер

Біздің қоғамдағы "мүмкіндік жоқ" деп көз жасын көлдетіп жүргендер үшін үлгі болсын.

Біздің қоғамдағы "мүмкіндік жоқ" деп көз жасын көлдетіп жүргендер үшін үлгі болсын.

Дмитрийдің үйі теңіздің дәл жағасында орналасқан. Көбігі бұрқырап, толқындары тулап жатқан теңізге қарай 240 метр жүрсеңіз табаныңыз суға тиеді. Дмитрийдің үйінің маңында жеке баспаналар жоқ. Барлығы үлкен қонақ үйлер мен алпауыт дүкендер, мейрамханалар.

Оңтүстік жақта жер телімінің бағасы теңізге жақындаған сайын қымбаттай түседі. Дмитрий өзінің иелігіндегі жер телімі менүйді мұраға алып қалған. Ал егер бұл жерді сатып алар болса, онда әрбір сотығына 2,5 миллион рубльден 5 миллион рубльге дейін төлеуге тура келер еді. Теңізден жүз метр ғана алшақтықта орналасқан жерлердің сотығына, тіпті, 20 миллион рубльге дейін сұрайды.

Жер телімінің теңізден алшақтығына қоса, оның сапасы мен қолдану аясының кеңдігі үлкен рөл ойнайды. Жер категорияларының саны – жетеу, ал қолдану кеңдігінің түрлері 3000-нан асып жығылады. Бұл мәліметтердің, талаптардың барлығы Экономика және даму министрлігінің бұйрығында жазылған.

Әдетте жер телімдерін үш категория бойынша саудалап жатады. Олар:

Жеке баспана салу үшін;

Коммерциялық емес саяжай салу үшін;

Коммерциялық емес бақша серіктестігін салу үшін.

Жер телімін сатып алып, үй салып, оны туристерге жалға беру үшін сізге бірінші категория қажет. Ал екінші және үшінші категориялардың иелері көбіне жекежай салып, сол жерде көкөністер мен жемістерді өсірумен айналысады.

Бірінші категория арқылы да табыс табу оңай емес. Талап бойынша, бұл жерде салынған үйдің биіктігі үш қабаттан аспауы тиіс және бұл жерде тек бір ғана отбасы өмір сүруі шарт. Сондықтан, құжаттар бойынша дұрыс жұмыс жасап, тұрақты тіркеуден өткізетін баспана ретінде тізімге қойған жөн.

Бірінші категорияны коммерциялық бағыттағы нысан ретінде өзгертуге болады. Мысалы, туристерге қызмет көрсететін немесе қонақ үй типіндегі ғимарат дәрежесінде. Бұл істің бірнеше қорап құжаты мен алатын уақыты, одан бөлек өз шығындары бар. Дегенмен, бұл дүниені де іске асыруға әбден болады. Осы себептерге сәйкес бірінші категориядағы жер телімдері екінші мен үшіншіге қарағанда, әлдеқайда қымбат тұрады.

Бұл аймақтағы үйлердің де өз тарихы бар. Жер телімдерін жиырма жылдан бұрын салынған баспаналармен бірге сататындар табылады. Бос типтегі үйлердің жөндеу жұмыстарымен, электр желісімен және кәріз жүйесімен өзіндік мәселелері бар. Сондықтан, ескі үйді сырып тастап, орынына жаңа нысан тұрғызған абзалырақ. Адлерде жаңа үйлерді түрлі блоктар мен кірпіштен тұрғызады. Ең арзаны 3-4 миллион рубльді, қымбаты 20-40 миллион рубльді шығындайды.

Дмитрийдің үйі толығымен ағаштан тұрғызылған. Мұндай үйді 5-6 миллион рубльге салуға болады.

Дмитрий 800 000 рубльді нысан шығындарына жұмсады

Дмитрий қонақ үйді ашар алдында ғимаратты жөндеуден өткізді және оның ішкі, сыртқы жағдайын жасады. Жөндеу жұмыстарын өз күшімен атқарып, соның арқасында 200 мың рубль көлеіндегі қаражатты үнемдеп қалды.

Ішкі және сыртқы жағдайларды қамтамасыз ету үшін 800 мың рубль жұмсалды. Дмитрий бөлмелерге жиһаздар, техникалар, жатын орындарын, кәріз жүйелерін және өзге де қажеттіліктерді сатып алды. Қонақтар өздеріне ас дайындайтын және киім жуатын орындарды жалпыға ортақ етіп қойды. Жеткізу қызметінен үнемдеу үшін қажеттіліктердің көршілігін ол жергілікті өндірушілерден сатып алды. Ал қалғанын "Икеадан" сатып алды.

Кірістер

Дмитрийдің қонақ үйінде алты бөле және жалпыға ортақ асхана бар. Ең үлкен және қымбат номер төрт адамға арналған. Оның ішінде жеке кәріз жүйесі мен жеке асханасы бар. Бөлмеде екі төсек, диван, асхана жиһаздары, шкафтар бар. Бұл типтегі номерді көбіне балалары бар отбасылар жалға алады.

Қалған номерлер үш адамға арналған. Оларда да кәріз жүйесі бар, бірақ жеке асханасы жоқ. Төсектер бір адамға жабдықталған. Өйткені, бұл номерлерде екі адамдық төсекті алатындар сирек кездеседі. Әр бөлмеде шкаф пен суырмалы шағын жиһаздар бар. Өзге жиһаздарды туристер қажет етпейді. Өйткені, олар күндерінің үлкен бөлігін жағажайда өткізіп, қонақ үйге тек түнеуге келеді.

Бөлме көлемінен бөлек қонақ үй бағасына қонақтар саны да әсер етеді. Бір адамға бөлме алған 30 пайызға дейін арзан. Бірақ маусым кезінде жалғыз-жарым жүргендер өте сирек кездеседі. Көп жағдайда қонақтар 2-3 адам болып келеді. Үнемдеудің тағы бір жолы – бөлмені ұзақ уақытқа жалға алу. Екі аптадан ұзақ мерзімге жалға алушыларға Дмитрий 5 пайыздан басталатын жеңілдіктер жасайды.

Қонақ үй мамыр айынан қазан айына дейінгі аралықта жұмыс жасайды. Қарашадан сәуірге дейінгі аралықта Дмитрий ғимаратты жауып тастайды. Өйткені, бұл аралықта жағажайға келетін қонақтар аз. Сонымен қатар, ағаштан соғылған нысанды жылытудың да өз қиындықтары бар.

Қоанқ үй тек маусым және қыркүйек айлаының аралығында тынымсыз жұмыс жасады.мамыр мен қазан айлаында да келушілер қарасы тым көп бола бермейді. Теңіз маусымы уақытында да түрлі келеңсіздіктер орын алып жатады. Мысалы, ауа-райының қолайсыздығы орын алады. Толық жүктемемен жұмыс жасаса, Дмитрийдің қонақ үйі жылына 2,1 миллион рубль табуға қауқарлы. Дегенмен, 2017 жылы ол небәрі 1,3 миллион рубль пайда тапты.

Коммуналдық шығындар

Коммуналдық төлемдерге кететін шығын көлемі маусымға қарай өзгеріп отырады. Дмитрий шілде-маусым айларында коммуналдық шығындарға 40 мың рубльге дейін төледі. Ал бір жылдық шығындарды есептесек, коммуналдық төлемдерге 220 000 рубль жұмсалады.

Жарнама

Қонақ үйдің жеке сайты жоқ. Дмитрийді қонақтар өздері іздеп табады. Ұзынқұлақ қонақ үй үшін қызмет жасап тұр.

Дмитрий қонақ үй фотоларын түрлі сайттарға орналастырып қойған.

Разы болған қонақтардан артық жарнама жоқ. Олар кезкелген жерде кез-келген адамға ұсыныс жасай жүреді. Ал осы үгіттің нәтижесінде келетін қонақтар Дмитрийдің электронды поштасына тікелей жазып, хабарласа алады. Сондықтан, Дмитрий әрдайым байланыста болуға көңіл бөледі.

Үй сыртындағы тақтайша. Өзге қонақ үй иелері ғимарат сыртына тақтайша іліп, сонда бөлмелер бағасы туралы, қандай бөлмелердің бос екендігі туралы мәліметтерді жариялап отырады.

Дмитрий мұндай тақтайша ілуді жоспарламайды. Өйткені, оны тұтынушылары тақтайша арқылы іздемейді.

Үнемдеу жолдары

Дмитрий қонақтарына таңғы ас бермейді және көп қызметкерді жұмысқа алмайды. Таңғы ас беру үшін азық-түлік, аспаз қажеттілігі туындайды және тазалық сақтау органдарының тексерісі жүреді. Осы қиындықтардан қашқан Дмитрий номерді таңғы ассыз ұсынады және бұл өзге қонақ үйлерге қарағанда 100-200 рубльге арзан болады.

Әкімшінің қонақ үйдегі қызметі – қонақтарда туындаған мәселелрді шешу, оларға бөлмені таныстыру және түнде есік ашып тұру. Бірақ оның бір ауысым құны – 2000 рубль. Дмитрий артық шығынға бой алдырмас үшін қонақ үйде өзі әрдайым болуға тырысады. Ал шұғыл шауалармен басқа жерге бару қажет болса, туыстарынан өзін ауыстыра тұруын өтінеді.

Дмитрий бөлмелерге тазалық жұмысын да өзі жүргізеді. Еденді жуу, терезе жақтаулаын сүртіп, төсек жабдықтарын ауыстыру секілді жұмыстар әр қонақ бөлмені босатқан сайын міндеті түрде жүргізіледі.

Дмитрийдің айтуынша, бұл жұмыс тек жазғы маусымда да ғана өтімді. Ал қалған уақытта өзге тірлікпен айналысуға тура келеді. Немесе бір жылдық қажеттіліктерді өтейтін қаражаттарды маусым кезінде шығарып алу қажет.

Дмитрий 2017 жылғы маусымда тек төрт рет қана өзіне демалыс жариялаған.

Жыл бойы қонақ үйге кеткен шығын – 252 000 рубль.

Маусымға дайындыққа кеткен шығын – 220 000 рубль.

Жарнама мен комиссия – 32 000 рубль.

Адлердегі кішкентай қонақ үйден 2017 жылы түскен таза пайда көлемі – 1 048 000 рубль.

Аударған: Әділет Мәдениет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір