• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
21 Шілде, 09:20:03
Кайдзеннің өндірістегі қағидалары

11 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 12 жастағы қызды құтқарамын деп ажал құшты

Суға түсу маусымы басталмаса да, суға батып ажал құшқандар тіркеліп жатыр.

Елорда тұрғыны иттің соңынан суға секірген қызды құтқарамын деп қаза тапты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Трагедия жұма, 10 мамыр күні сағат 12.10-да "Газмашаппаратура" бау-бақша қоғамы аумағында болды.

2007 жылы туған қыз итінің соңынан суға секіріп, тұншыға бастаған. Мұны 38 жастағы балықшы байқаған. Ол дереу суға сүңгіп, қызды жағаға сүйреп шығарған. Бала құтқарылды, алайда өзін су ағызып әкеткен. Жағаға шығып қалған мәйітті куәгерлер алып шықты.

Ұсынған: Мақпал Сембай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір