• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
17 Шілде, 18:35:47
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесі мен құрамы бекітілді

13 Мамыр, 2019 Саясат

Қытайлық хакерлер Ресейге шабуыл жасады

Хакерлер бірнеше жылдар бойы ресейлік мемлекеттік құрылымдар мен компанияларының планды операциялық жүйелеріне шабуыл жасады.

Қытайдан шыққан хакерлер бірнеше жылдар бойы ресейлік мемлекеттік құрылымдар мен компанияларының планды операциялық жүйелеріне шабуыл жасап келген. Мұны Positive Technologies және «Касперский» комапаниялары анықтады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Коммерсантъ» сайтына сілтеме жасап.

Positive Technologies мәлімдеуінше, хакерлік топ өздерін TaskMasters деп атайды. Бұл топ 9 жылдан астам бері ақпарат ұрлаумен айналысады. Әртүрлі салада жұмыс жасайтын 30 компания хакерлер қолдарынан зардап шеккен. Топ мүшелерінің колданған кодтарда қытайлық IP-адрес жиі шығып тұрады.

«Касперский» баяндамасында олар бұл топты BlueTraveler деп атап, 2016 жылдан бері бақылауға алды. Компания мәліметінше, топ мүшелері бір-бірімен қытай тілінде сөйлеседі. Топтың негізгі шабуыл жасау аймағы – Ресей және ТМД мемлекеттік органдары болып тұрады.

«Касперский» өкілдерінің айтуынша, осындай шабуылдардың артында өнеркәсіптік тыңшылық немесе саяси барлау болуы мүмкін.

 Аударған: Ильдар Адильченов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір