• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
24 Тамыз, 15:39:42
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

15 Мамыр, 2019

Алматыда барлық бағыттағы автобус және метрода жол жүру тегін болады

Бұл күні шамамен 700 мың азамат тегін жол жүреді деп болжап отырмыз.

Алматыда Қазақстан Президентін сайлау күні қоғамдық көліктерде жүру тегін болады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.

Ол үшін қалада «Ашық есіктер күні» әлеуметтік науқаны ұйымдастырылады.

Науқанға барлық қалалық бағыттағы автобус және метрополитен қатысады.

Президент сайлауы күні қаладағы барлық бағыттағы қоғамдық көлікте тегін жүруге болады.

Қоғамдық көліктер өз кестесіне сәйкес жұмыс істейді. 

«Бұл күні шамамен 700 мың азамат тегін жол жүреді деп болжап отырмыз. «Ашық есіктер күні» науқаны тасымалдаушылар тарапынан әлеуметтік қолдау болып табылады. Бұл азаматтардың белсенділігі мен сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді», – дейді Алматы қалалық жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының бірлестігіндегілер. 

Науқанға қатысатын қалалық бағыттардағы автобустардың тізімі: №1, 2, 3, 4, 5, 5а, 5б, 7, 8, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 34, 36, 37, 38, 40, 41, 44, 45 46, 47, 48, 50, 51, 52, 54, 56, 57, 59, 60, 62, 63, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 77, 78, 79, 80,81, 85, 86, 88, 92, 95, 98, 99, 102, 103, 104, 106, 107, 108, 111, 112, 113, 115, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129, 131, 135, 137, 141, 201, 202, 203, 104а, 109а, 131а, 29р, 204, 205, 206, 207, 208, 209, 210, 1-тп, 5-тп, 7-тп, 9-тп, 11-тп, 12-тп, 19-тп, 25-тп.

Еске сала кетсек, биылғы жылдың 9 маусымында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Ұсынған: Мақпал Сембай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір