15 Мамыр, 2019 Оқиғалар
Алматыда үш адамды ауыр техника басып қалды
Алматыда үстіне манипулятор құлап кеткен үш әйел ауруханаға жатқызылды
Алматыда үстіне манипулятор құлап кеткен үш әйел ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқыс оқиға 14 мамыр күні «Айгерім» шағын ауданында орын алған.
Манипулятор кранның тіреуі құлап кетіп, ауыр техника көшеде кетіп бара жатқан үш әйелді басып қалған. Қазіргі таңда үш әйел де жансақтау бөлімінде жатыр.
«Арнайы сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы сараптаманың нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі», - деді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі.
Ұсынған: Мият Кәшібай
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір