• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
17 Шілде, 18:44:44
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесі мен құрамы бекітілді

16 Мамыр, 2019 Саясат

Баннер іліп, плакат көтергендер туралы депутаттар не айтты?

Бір-бірінің ауызына түкіріп қойғандай "Мен ештеңе айта алмаймын" деп ақталды бәрі, түге.

Алматы, Нұр-Сұлтан сияқты ірі қалаларда және шетелде еліміздегі кезектен тыс сайлауға қатысты қарсылық шаралары ұйымдастырылып, бірқатар азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осындай шаралардың ұйымдастырылуы мен қатысушыларының жазалануы туралы бірқатар депутаттар пікір білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап. 

Дания Еспаева, Мәжіліс депутаты, "Ақ Жол" партиясы ұсынған президенттікке үміткер

"Бұл туралы біздер енді тек ақпараттан білеміз ғой. Қазір біздің заңгерлер бұл жағдайды қарап жатыр. Екі-үш күн көлемінде пікір білдіріп қалар. Ал менің жеке пікірім – мұндай жағдайларды нақтылап қарау керек".

Тарас Хитуов, Мәжіліс депутаты

"Олар ешкімді қорлаған жоқ, зорлаған жоқ, өлтірген жоқ. Мүмкін, олар дұрыс жасамаған шығар. Оларға түсіндіру керек, жеткізу керек. Мұндай дүниелер тек рұқсатпен болу керек. Егер рұқсат алса, онда олардың бетінен қағар ешкім болмасы анық. Рұқсат бермесе, тәртіп бұзбау керек".

Дархан Мыңбай, Мәжіліс депутаты

"Сот шешімі шыққан ба? Егер шықпаса, сұрақты соларға қойыңыздар. Сот шешімі болмаса, мен айтар едім".

Геннадий Шиповских, Мәжіліс депутаты

"Біз бұл жағдайдың басы-қасында болмағаннан кейін ештеңе айта алмаймыз. Солай. Бірақ енді бүгінгі таңда қоғам бірігуі керек. Біріккенде де дұрыс жол салуымыз керек. Ешқандай провокацияларға жол бермеуіміз шарт".

Ирина Смирнова, Мәжіліс депутаты

"Мен қазір бұл тақырыпты қозғауға тілім бармайды. Өйткені, барлығын сот шешті ғой. Бірақ азамат ретінде бұл сөзді әрбір адамның айтуға құқығы бар. "От правды не убежишь", "Шындықтан қаша алмайсың".

Бір-бірінің ауызына түкіріп қойғандай "Мен ештеңе айта алмаймын" деп ақталды бәрі, түге.

Дайындаған: Әділет Мәдениет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір