16 Мамыр, 2019 NEWS
Назарбаев: Мен тек жаңа президентке қолдау көрсетемін
Сондай-ақ Назарбаев аздаған қолайсыздық тудырған мәселелер туралы да пікір білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумында сөз сөйледі деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ашылу салтанатында Тоқаев туралы сөз қозғады. Сондай-ақ Қазақстанды бір ғана президент басқаратынын мәлімдеді.
"Мен Тоқаевты аяқсыз қалған істі жалғастыратын, дайындықтан өткен тәжірибелі адам деп есептеймін. Мен тек жаңа президентке қолдау көрсетемін. Сондай-ақ тыныштықты қамтамасыз етіп және басталған істі аяғына дейін жеткіземін", - деді Елбасы.
Сондай-ақ Назарбаев аздаған қолайсыздық тудырған мәселелер туралы да пікір білдірді.
"Мен аздаған қолайсыздықтар тудырдырғанымды білемін. Сіздерге шараға "бірінші президент", сосын президент қатысты деп айтуға тура келеді. Мен Қазақстанды 2 президент басқарады деп ойламаймын. Бір ғана президент болады және сол басқарады. Сайлаудан соң бәріміз өзіміз таңдаған президентке қызмет етеміз", - деді Елбасы.
Оқи отырыңыз:
♦Назарбаев: Сайлауға қатыссам, сөзсіз жеңіске жетер едім
Дайындаған: Әсел Болатқызы
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір