• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
21 Шілде, 08:34:28
Кайдзеннің өндірістегі қағидалары

16 Мамыр, 2019 Саясат

Тоқаев Қытай шенеунігін қабылдады: Не айтты?

ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Қазақстанға алғаш рет сапармен келгенін атап өтіп, біздің еліміздің жақсы әсер қалдырғанын айтты.

 
 
 

Мемлекет басшысы Хань Чжэннің Қазақстанға сапары екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға тікелей сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Хань Чжэнді «Бір белдеу, бір жол» форумының табысты өтуімен құттықтап, Си Цзиньпиннің Ұлы Жібек жолын жаңғырту идеясы халықаралық қоғамдастық тарапынан қолдау тапқанын және өзінің өміршеңдігін дәлелдегенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасының жақында өткен кездесуінде қол жеткізген уағдаластықтар екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болғанын айтты.

– Қытаймен тату қарым-қатынас орнату Қазақстанның сыртқы саясатындағы ең маңызды басымдықтардың бірі. Екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар өзара пайдалы әрі тиімді мемлекетаралық ықпалдастықтың үлгісін көрсетеді. Қытай – Қазақстанның ірі сыртқы сауда әріптесі. Екіжақты сауда-саттықтың ауқымы қарқынды өсіп келеді, – деді Мемлекет басшысы.

ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Қазақстанға алғаш рет сапармен келгенін атап өтіп, біздің еліміздің жақсы әсер қалдырғанын айтты. 

– Қазақстан тәуелсіздік жылдары тұрақты дамып келеді. Ел экономикасы өсуде. Өзара қарым-қатынастарымыздың дамығанына ризашылық білдіреміз, – деді Хань Чжэн.

Кездесу барысында Қазақстан-Қытай бірлескен жобаларын жүзеге асыру, Қазақстан ауыл шаруашылығының органикалық өнімдері экспортының  көлемін арттыру, трансшекаралық өзендерді пайдалану және туризмді дамыту мәселелері қарастырылды.

Көлік-логистикалық саладағы ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінді. Соның ішінде, Ляньюньган портындағы бірлескен терминалдың және арнайы экономикалық аймақтағы «Қорғас – Шығыс қақпасы» құрғақ портының әлеуетін пайдалану, транзитті контейнерлердің тасымал көлемін арттыру  перспективалары талқыланды.

Ұсынған: Бек Байтас

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір