• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

20 Мамыр, 2019 NEWS

Бұл такси бұрынғыдан өзгерек... (видео)

Lillium Jet сағатына 300 шақырым қашықтықты бағындыруға қабілетті.

Германияда Lillium компаниясы құрастырған ұшатын таксидің алғашқы көрсетілімі өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаңа заманның жаңаша таксиіне "Lillium Jet" деген атау берілген. Ұшатын такси барлық жаттығу жұмыстарын сәтті аяқтады.

"Lillium Jet сағатына 300 шақырым қашықтықты бағындыруға қабілетті. Біз бұл жылдамдық арқылы тек қала ішін емес, қалаларды қалалармен байланыстыра аламыз", - дейді өндіруші компания өкілдері.

Толықтай электр қуаты арқылы жұмыс жасайтын Lillium Jet-те 36 электрлі қозғалтқыш орнатылған. Бұл қозғалтқыштар жылдамдықты еселеуге, қозғалқыш жұмыс жасап тұрғанда шығатын шуды төмендетуге, ұшу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қызмет етеді.

Ұшатын такси 5 жолаушыға лайықтап жасалынған. Компания өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, аэро-таксидің өндірісі 2020 жылдан басталмақ.  

 Аударған: Дәурен Сыбанбай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір