• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
08 Желтоқсан, 19:22:08
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

29 Мамыр, 2019 Әлемде

Бұрынғы қала басшысы өз әйелін атып тастады (фото)

Мохаммад Али Наджафидің әйелі Тегеран қаласының солтүстігіндегі қымбат саяжайлардың бірінде өлтірілгені туралы ақпарат тараған еді.

Тегеран қаласының бұрынғы мэрі Мохаммад Али Наджафи өз әйелін атып өлтіргенін мойындады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Fars сайтына сілтеме жасап.

"Наджафи жұбайының өліміне өзі кінәлі екенін мойындады. Оның мұндай қылмысқа баруына отбасылық кикілжіңдер себеп болған", - деп мәлімдеді прокуратура өкілі Мохаммад Шарияри.

Прокуратура өкілінің айтуынша, бұрынғы қала мэрі құқық қорғау органдарына өз еркімен берілді.

наджафи

Суретте: Мохаммад Али Наджафи әйелімен

Естеріңізге сала кетейік, кеше Иран БАҚ-да Тегеран қаласының экс-мэрі,  Иран президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі экс-кеңесшісі Мохаммад Али Наджафидің әйелі Тегеран қаласының солтүстігіндегі қымбат саяжайлардың бірінде өлтірілгені туралы ақпарат тараған еді.  

Аударған: Дәурен Сыбанбай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір