• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:51:33
Алматы
+35°

29 Мамыр, 2019 NEWS

Алматы көшелерінде Алмалы ауданының әкімі самокатпен жүр

Қалалықтар біртіндеп жеке көлікті тастап, жаяу жүруді таңдай бастады. ...

Куәгерлер Алматының Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаевтың қала көшелерінде самокатпен жүрген сәтін суретке түсіріп алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл суретті Алматы қоғамдық кеңесінің мүшесі Бекнур Кисиков желіге жүктеді, ал фотоның авторы Айгүл Тұрысбекова. Суреттен Алмалы ауданы әкімінің Арбат жақта самокатпен жүргенін көруге болады. 

Алматы ауданы әкімі

 - Жалпы, қаланың экологиялық көлік мәдениетіне көшіп жатқаны қуантады. Қалалықтар біртіндеп жеке көлікті тастап, жаяу жүруді таңдай бастады. Шенеуніктердің самокат, велосипед немесе қоғамдық көлікпен қозғалуды жиілеткені жөн болар еді. Бұл экология ғана емес, экономия. Өзім де көптен бері самоткатқа мінгім келіп жүр, ауыр жүк көтеретін самокаттар бар ма екен? – деп жазды Бекнур Кисиков.

Ұсынған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір