• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:22:53
Алматы
+35°

30 Мамыр, 2019 Саясат

Депутаттар: Зеленский, орысша сөйлеме!

Владимир Зеленскийге көпшілік шараларда орыс тілін қолданбауға, украин тілінің қолданыс аясын кеңейтуге шақырды

Львов облыстық кеңесінің депутаттары Владимир Зеленскийге көпшілік шараларда орыс тілін қолданбауға, украин тілінің пайдалану аясын кеңейтуге шақырды деп жазады aif.ua сайтына сілтеме жасап.

Львовтық депутаттардың ойынша, Зеленский соңғы шараларда украинша сөйлемей, украиналықтардың ақпарат алу құқығын бұзды деп есептейді.

Бұл ретте депутаттар Конституцияда жазылған Украинадағы мемлекеттік тілі – украин тілі туралы 10-бабына сілтеме жасады.

Сонымен қатар, олар Зеленскийді толығымен орыс тілін әртүрлі шаралар мен күнделікті өмірде қолданбауға шақырды. Өйткені, орыс тілі – Украина үшін агрессор Ресейдің мемлекеттік тілі.

Аударған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір