• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:28:14
Алматы
+35°

30 Мамыр, 2019 Барлық аймақтар

Маңғыстау облысында өрт оқиғасы 12 пайызға азайған

Мұны өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтты

Маңғыстау облысында өрт оқиғасы 12 пайызға азайған. Мұны өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Базарбаев Куанар Бекенұлы мәлімдеді.

Алдын-алу шараларына сәйкес, өткізілген үгіттеу-профилактикалық жұмыстары бүгінгі таңда өз нәтижесін беруде, дейді мамандар. Мәселен, 2018 жылдың  соңғы бес айында 107 өрт оқиғасы тіркелсе,  жыл басынан бері облыс аумағы бойынша 94 өрт оқиғасы болған. Дереккөздерге сүйенсек, көбіне тұрғын үйлер өртенген. Отты абайсыз қолдану, пештің ақаулығынан, электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан және балаларды қараусыз қалдыру салдарынан 39 оқиға орын алды.  Ал, осы іспетті  жағдайға тап болған 28 автокөлік тіркеуде тұр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24 пайызға азайған. Биылғы жылдың  5 айында  мамандар461 рет өрт сөндіруге барған. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 11 пайызға көп.  2018 жылы 3 адам құтқарылып, 99 адам көшірілсе, биыл 15адам құтқарылып, 189 адам қауіпсіз жерге көшірілген.

«Өрт – тілсіз жау. Оны алдын-ала болжап білу мүмкін емес. Жыл сайын өңірде  қала және аудан әкімдіктерімен бірігіп облыс аумағында өрт оқиғасын болдырмау және  орманды-далада өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары  бекітіледі. Осы орайда, Мұнайлы ауданында «Өрт сөндіру» бөлімінің құрылысы басталмақ. 60 адамды жұмыспен қамтитын жобаға республикалық бюджеттен 530 млн теңге бөлінген » ,- деді Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Бекенұлы.

Өрт оқиғаларын алдын-алу мақсатында көптеген шаралар қолға алынған. Бұқаралық ақпарат құралдарында, телеарналар мен  радиоларда хабарламалар берілсе, қосымша өрт қауіпсіздік сенбіліктері ұйымдастырылып, тұрғын үй иелеріне жаднама, буклеттер және нұсқаулықтар таратылған.  Облыс көлемінде, аудандардың қоғамдық орындарында және адамдар көп шоғырланатын орындарда өрт қауіпсіздік талаптарын түсіндіретін 22 билборд орнатылып, білім беру ошақтарында да аталған тақырып аясында сабақтар өткізілген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір