• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
23 Тамыз, 16:53:32
Атыраулық «Жасыл ел» сарбаздары облыс аумағын 180 текше метр қоқыстан тазартты

06 Маусым, 2019

Алматы таксилеріндегі қауіп: әйелдерге жасалатын шабуыл саны артуда

Такси жүргізушісі әйелдерді зорламақ болған, бірақ қатты қарсылық көрген соң, бағалы заттарын тонап кеткен

Алматы облысында жолаушы әйелдерді тонады деген 27 жастағы күдікті ұсталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.

3 маусымда полицияға Қызылжар ауылында тұратын әйел шағым түсірді. Оның айтуынша, такси жүргізушісі тонап, зорламақ болыпты. Қаскүнем телефон мен 92 мың теңгені тартып алған екен.

Тәртіп сақшылары ізін суытпай күдіктіні қолға түсірді.

"Тексеріс барысында ұсталған азаматтың тағы бір қылмысқа қатысы бар болып шықты. Ол биыл мамырда Есік қаласында тұратын жас қызды тонаған. Екі жағдайда да күдікті әуелі әйелдерді зорламақ болыпты, бірақ олар қатты қарсылық көрсеткен соң, жәбірленушілердің әшекей бұйымдары, ұялы телефондары мен ақшалай қаражатын тонап кеткен", - деп хабарлады ведомство.

Қазір ер адам уақытша ұстау абақтысында отыр. Тергеу барысында оның басқа қылмыстарға қатысы бары анықталады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір