• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:25:25
Алматы
+35°

05 Маусым, 2019 Атырау облысы

Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

Ол - Индер ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келген Қайрат Нұрлыбаев, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев активке ауыл шаруашылығы басқармасының жаңа басшысын таныстырды.

Нұрлыбаев Қайрат Есқабылұлы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.

Мемлекеттік қызметте 1999 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр селолық округі әкімі аппаратында маман болып бастаған.Қайрат Нұрлыбаев

20 жыл Қызылқоға, Құрманғазы аудандары әкімдерінің аппараттарында түрлі лауазымдар атқарды.
2012 жылы Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Бүгінге дейін Индер ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

-Сіздің біліміңіз, тәжірибеңіз, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттеріңіз аймақтың ауыл шаруашылығы саласын жаңа биіктерге көтеретініне сенімдімін. Сіздердің алдарыңызда үлкен міндеттер тұр, атап айтсақ, егіс алаңдарын ұлғайту, шаруа қожалықтарында тамшылатып суаруды белсенді енгізу, облыста егін шаруашылығын дамыту, жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету,-деді Нұрлан Ноғаев жаңа тағайындалған басшыға.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір