• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Тамыз, 06:50:03
Медициналық сақтандыру: Өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда

14 Маусым, 2019 NEWS

15-17 маусымға арналған ауа-райы болжамы

Маусымның ортасы болса да, республикамыздың солтүстік аумағында ауа райы мамыр айындағыдай.

Солтүстік облыстарда алдағы демалыс күндерінде найзағай мен жаңбыр күтіледі. Күндізгі ауа температурасы +10...20 градус шамасында болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Мұндай ауа райы Қазақстанға Баренц теңізі аймағынан үздіксіз келіп жатқан суық ауа массалар ағынымен және суық арктикалық фронтпен байланысты.

Сондықтан республиканың басқа аймақтарында да тұрақсыз ауа райы, найзағаймен жаңбыр күтіледі, бірақ күн жылы болады. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста, жаңбырға қарамастан, күндіз ауа +25...33 дейін жылиды, ал Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз және +30...39 градусқа дейін ыстық болады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір