• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
17 Тамыз, 19:48:45
Медициналық сақтандыру: Өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда

14 Маусым, 2019 NEWS

Нұр-Сұлтанда өрттен қаза тапқан 5 қызға қатысты қылмыстық іс тоқтады

Ақпан айында бір үйдің бес қызы өрттен қаза тапқан еді.

2019 жылдың 4 ақпанында болған 5 қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, 4 ақпанда түнде Нұр-Сұлтанның Сарыарқа ауданындағы «Көктал-1» тұрғын үйдедегі жеке үйдің ауласында тұрғызылған уақытша баспанадан өрт шыққан болатын.

"Аталған іспен полиция департаментінің тергеу басқармасы айналысқан болатын. Барлық сараптама жұмыстары мен тергеу амалдарын жүргізгеннен кейін аталған іс өндірісін тоқтату туралы шешім қабылданды. Қылмыстық іс тоқтатылды. Құзырлы орган - Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасына аталған шешімнің заңдылығын тексеру үшін іс құжаттары жолданды", - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті төрағасының орынбасары Ғазиз Нұрқаев елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Өрт сөндіру кезінде 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы туған 5 қыздың денесі табылды. Олардың кішісі небәрі 11 айлық сәби еді. Бес баланың ата-анасы оқиға уақытында түнгі жұмыста болған.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір