• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
25 Тамыз, 22:25:47
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

17 Маусым, 2019 Саясат

Саакашвили Порошенконың ішімдікке құмарлығы туралы айтып берді

Украинадағы президент сайлауындағы 2-тур алдында Петр Порошенко соңғы рет 35 жыл бұрын мас болғаны туралы мәлімдеме жасаған еді

Грузияның бұрынғы президенті, Одесса облысының экс-губернаторы Михаил Саакашвили Порошенконың ішімдікке қалай қарайтыны туралы айтып берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Украинадағы президент сайлауындағы 2-тур алдында Петр Порошенко соңғы рет 35 жыл бұрын мас болғаны туралы мәлімдеме жасаған еді. Оның айтуынша, оның ішімдікке құмарлығы туралы “ресейлік ұзынқұлақ” таратып жүр деген.  

“Порошенконың ойынша, Украинада шарап жасай алмайды. Мен талай рет одан шарап жасаушыларға салықты азайтуды сұрадым. Бірақ оның жауабы “жоқ” болатын. Қазір жоғары бағамен баж төлеп, күрделі тіркеу процедурасынан өту керек”, - деді Саакашвили “112 Украина” телеарнасының эфирінде.  

Саакашвили айтуынша, Порошенко жергілікті шарапты ішпейді. Өйткені, ол өзінің ортасына сай болғысы келеді. 

Владимир Зеленский Михаил Саакашвилиге азаматтығын бергеннен кейін, Украинаға 29-мамыр күні қайтып оралды. Саясаткер украиндық азаматтықтан 2 жыл бұрын айырылған болатын. Бұл туралы бұйрықты 2017 жылы Порошенконың өзі берген болатын. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір