• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:21:26
Алматы
+35°

17 Маусым, 2019 Оқиғалар

15 жастағы қыз өз-өзіне қол жұмсады

"Мен оған кінәсі жоқ екенін түсіндірдім", - дейді қызын жоғалтқан ана.

osnmedia.ru

9-маусым күні Шымкент қаласында 15 жасқа толған жас қыз өз-өзіне қол жұмсады. Үш күн бойы ажалмен айқасқан бойжеткеннің өмірін сақтап қалу дәрігерлердің қолынан келмеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Үстіміздегі жылдың 12-маусымында Шымкент қаласының 15 жастағы тұрғыны Аделина Оразбаева өмірден өтті. Ол 9-маусым күні өз-өзіне қол жұмсаған. Ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер қажет көмекті көрсеткенімен, өмірін сақтап қалуға қауқарсыз болды.

Себеп болған...

2018 жылдың 26-сәуірі күні Аделинаны біршама таныс жігіт туған күн кешіне шақырады. Шақырған жігіт әлеуметтік желіде айтарлықтай танымал әрі әнші болыпты-мыс.

Жас қыз оның шақыруына еш шүбә келтірмеген. Өйткені, жігітті көп адам білетіндігі сенім беріпті қызға.

Үйіне жас қызды туған күнін "тойлауды" сылтауратып, алдап шақырған жігіт анайы әрекетке басқан. Қыз амалын тауып, сытылып шыққанымен, болған оқиғадан кейін ауыр психологиялық соққы алған. Дәл сол соққы оның өліміне әкеліп соқты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір