• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:17:27
Алматы
+35°

18 Маусым, 2019 Саясат

Мақсат Сқақов президент кеңесшісі болып тағайындалды

Сқақов Мақсат Нұрлыбекұлы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

Мақсат Нұрлыбекұлы Сқақов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мақсат Нұрлыбекұлы 1978 жылы туған. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген. «Болашақ» бағдарламасымен білім алған. Философия және экономика ғылымдарының докторы.  

Еңбек жолын 2000 жылы ҚР Ішкі істер органынан бастап, ҚР Президентінің күзет қызметінде, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінде, ҚР Мәдениет, Білім және Ғылым министрліктерінде, ҚР Премьер-Министрінің Кеңесшісі, ҚР Мәдениет және Ақпарат  министрлігінің тілдер комитетінің төрағасы қызметін атқарған.  

2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Бас Прокурорының ерекше маңызды тапсырмалары бойынша аға көмекші қызметінде болған. 2017-2019 жылдар аралығында Маңғыстау облыс әкімінің орынбасар қызметін атқарды.  

Мақсат Нұрлыбекұлы Болашақ бағдарламасының жемісін көрсеткен түлектердің бірі болды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір