• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
23 Тамыз, 06:42:44
Атыраулық «Жасыл ел» сарбаздары облыс аумағын 180 текше метр қоқыстан тазартты

21 Маусым, 2019 Айтты-ей, бауырың!

"Ақтоты ханым, мәдениетініміз порноға, спортымыз коррупцияға толып жатқанда термин теріп кеткенсіз бе?"

Басқа жұмыс жоқ қой сонда?

Келген министр тілге тиіскен бе? 
Ақтоты ханым!
Мәдениетініміз порноға, спортымыз коррупцияға толып жатқанда, келіп термин теріп кеткенсіз бе?
Басқа жұмыс жоқ па?
Мәдениет пен спортта реформаны терминнен бастамай, анау сахнаға тырдай жалаңаш шығатын қыздарға тыйым салыңыз! Көгілдір экран бетін көру мүмкін емес, қазақ актрисалары төсекте жатып сүйісіп, аймаласу кадрлары өте көп. Сахна, көгілдір экран мәдениетін қолға алыңыз.
Ауыл-ауылда спорт мектептерін ашыңыз. Оларға ақша бөліңіз. Балалар өз ақшасымен дарыстарға қатысып жүр, жаттықтыру құралдарын да өз қаражаттарына алады. Ақшасы барлар ғана жарысқа бара алады. Осындай дүниелер іріңі шығып шіріп тұрғанда келіп "әнұран","сынып" сөздеріне тиіскеніңіз ұят болды. Қолында билігі жоқ, жай ғана уақыт өткізетін адам ғана келіп бірден тілге тиіседі. Сіз халық үшін емес, биліктің циркінде ойнайтын бір клоуны болып көріне бастадыңыз!

Айгүл Орынбектің фейсбук парақшасынан алынған

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір