• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:20:14
Алматы
+35°

25 Маусым, 2019 NEWS

Арыстағы жарылыс: оқ-дәрі қоймасы кімнің қарамағында?

"Даңқ" орденімен марапатталып, оны өзінің абыройы санаған басшының орынын басқан Қарақұлов қалай мүлт кетті екен?

Жарылыс орын алып, күн жарықта елдің берекесін алған әскери қойма "Юг" ("Оңтүстік") аймақтық басқармасына қарасты. Ал бұл басқарманы майор шеніндегі Қайдар Қарақұлов басқарады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Арыстағы әскери гарнизон – "Юг" аймақтық басқармасының бөлімі. Іргетасы 2003 жылы қаланған. "Юг" аймақтық басқармасының қарамағына төрт облыстың территориясы енеді: Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облысы. Аймақтық басқарманың бас штабы Тараз қаласында орналасқан.

"Юг" аймақтық басқармасы – ҚР Қарулы күштерінің ең жылдам әрекет ететін территориялық ұйымы. Ұйымның басты міндеті – еліміздің оңтүстік-шығысындағы облыстардың халқының қауіпсіздігін қаматамасыз ету.

Аталған ұйымға үстіміздегі жылдың 17-мамыры күні генерал-майор Қайдар Қарақұлов басшы болып тағайындалған. 45 жастағы Қарақұлов  Алматы әскери училищесін тәмәмдған.

Генерал-майор бірқатар жауапты қызметтерді атқарған. Атап айтсақ, "Югтің" 5-ші механизацияланған бригадасын басқарды. Одан бөлек, дәл осы ұйымның басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Қарақұловқа дейін бұл ұйымды үш жылға жуық уақыт генерал-майор Марат Хусаинов басқарған. Хусаинов 2018 жылдың мамыр айында жауапты қызметі үшін ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен марапатталды.

1

Жалпы әртүрлі уақыт межесінде "Юг" аймақтық басқармасын Уәли Еламанов, Бахтияр Сыздықов, Болат Дарбеков, Талғат Қойбақов сынды шенді азаматтар басқарған.

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір