• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:05:44
Алматы
+35°

23 маусым күні қазақстандық полицейлер өз кəсіби мерекелерін атап өтеді. Атырау облысының әкімі мен полиция департаментінің басшысы облысымыздың полицейлерін мерекелерімен құттықтады.
2007 жылы Мемлекет басшысының жарлығымен 23 маусым күні полиция күні деп ресми түрде бекітілді.
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев полиция департаментінің қызметкерлерін мерекемен құттықтап, атқарып жатырған жұмыстарына ризашылығын білдірді. Полиция саласында қызмет ету өте қауіпті және қиын. Бірақ барлық ауыртпалықтарға қарамастан, тәртіп сақшылары қоғамдағы заңдылықты сақтау үшін қызмет етуде.
-Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Сіздерді адал қызметтеріңіз бен таңдаған мамандығыңызға адалдық танытқандарыңыз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. police
Ішкі істер органдарында еңбек еткен ардагерлерге алғыс айтамыз. Ардагерлер бүгін де ізбасарлары - жас ұрпаққа үлгі бола алады. Бұл кісілер өз істерін жоғары деңгейде атқарған нағыз мамандар,- деді Нұрлан Ноғаев.
Облыс басшысы полицияның әлеуеті өте жоғары екендігін, облыстық биліктің көмегімен материалдық-техникалық базаның деңгейі едәуір көтерілгенін атап өтті. Құқық қорғау органдардың қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мəселелері де шешілуде. police
- Қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғау біздің құқық қорғау органдарының міндеттерінің бірі. Мемлекет осы міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық жағдайларды жасауда. Жол қауіпсіздігін сақтау үшін, қадағалау камераларын орнатуға жеткілікті түрде қаражаттар бөлінуде. Заңсыз балық өнімдерін сатумен айналасатындармен күрес жүргізілді. Алдағы уақытта да біздің полициямыздың абыройы жоғары деңгейде болатынына сенімдімін. Кейде міндетін атқару үшін полиция қызметкерлері басын қатерге тігеді. Өз өмірі мен денсаулығына қауіп төнседе, полиция халықтың денсаулығы мен өмірінің тыныштығы үшін жұмыс жасайды. Біздің облысымызда бұған дəлелдер көп,- деді Нұрлан Ноғаев. police
Облыстық полиция департаментінің басшысы Хамза Үмбетқалиев әріптестері мен қызметкерлерді мерекемен құттықтай отырып, полиция қызметкерлерінің өз міндеттерін алдағы уақытта да абыроймен атқара беретініне сенім білдірді.
Мерекеге орай, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция қызметкерлеріне әскери шендер берілді. Бірқатар қызметкерлер адал қызметі үшін мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды. policepolice

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір