• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:29:30
Алматы
+35°

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, жастарды тарихи-мәдени ескерткіштермен таныстыру мақсатында Жаңаөзен жастар ресурстық орталығы 18-20 маусым күндері ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласына, Қарағанды және Ақмола облыстарына танымдық экспедиция ұйымдастырды. Топ құрамында оқушы, студент және жұмысшы барлығы 30 белсенді жас болды. Жастар

Жаңаөзен жастарының танымдық сапары 19 маусым күні Қарағанды облысының Долинка кентіндегі Қарағанды еңбекпен түзету лагерінің «Карлаг» мұражайынан басталды. Қазақ жұртының қасіретіне айналған зұлматты жылдар мен жазықсыз жалманған тағдырлардың куәгері болған ғимарат бүгінде музейге айналған. Жастар «Карлаг» лагерінде тұтқында болған азаматтардың өмір тариxымен танысып, олардың неліктен «xалық жауы» атанғандығы туралы кеңінен мағлұматтар алды. Тұтқындардың лагерде қандай жағдайда өмір сүргенінен, олардың қалай қиналып, азапталғанынан сыр шертетін музей экспонаттарымен танысты. Музей қызметкерлері өткен тариxты зерделеп, сталиндік репрессия құрбандары туралы ақпарат алуда «Карлаг» мұражайына тек Қазақстаннан ғана емес, алыс-жақын шет елдерден қызығушылық танытып келетін азаматтар көп екендігін, сондай-ақ, тариxтың әлі де зерттеліп, мұражай экспонаттары толығу үстінде екендігін жеткізді. Жастар

Сапардың екінші күні жастар Ақмола облысы Ақмол елді мекенінің аумағындағы саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенін аралады.  Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, елім деп еңіреген Алаш зиялыларының өмірімен, олардың жұбайларының азапты тағдырымен жастарды тереңірек таныстыруды мақсат тұтқан экскурсия барысында жастар көптеген құнды ақпараттар алды. Тұтқындар тұрған сабаннан жасалған барактар мен сол кезде "Сталиндік вагон" немесе "Қызыл вагон" деп аталып, лагерге тұтқын әйелдерді Одақтың жер-жерінен әкелген вагонды, тұтқындардың еңбекте қолданған тігін машинкаларын, жазған хаттарын  және одан да өзге түпнұсқа экспонаттармен танысты. Жастар

Мұражай экспонаттарымен таныстырып, нақақтан жала жабылып «халық жауы» атанған арыстарымыздың, қатігез тағдырға душар болған олардың аяулы жарларының сол кезеңдегі қасіретті өмірінен сыр шерткен өте әсерлі экскурсиялар үшін Жаңаөзен жастары музей экскурсоводтарына шексіз алғысын білдіреді. Мұражай ұжымы мен басшылықтарына раxмет айта отырып, xалқымыздың басынан кешкен қасіретті жылдары ендігі жерде тек тариx беттері мен мұражай сөрелерінде ғана қалсын, аспанымыз ашық, xалқымыз мәңгі бақытты болсын деген тілек білдіреді. Жастар

Жастар сондай-ақ, Тұңғыш Президент музейін, «Атамекен» этно-мемориалды кешенін аралап, Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі тарихымен танысты. Танымдық сапар жаңаөзендік жастардың «Әзірет сұлтан» мешітіне баруымен қорытындыланды. ЖастарЖастарЖастарЖастарЖастарЖастар

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір