• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:50:56
Алматы
+35°

Атырау облысының мемлекеттік қызметшілері, жергілікті атқарушы органдарға қарасты ұйымдар бір күндік жалақыларын Түркістан облысындағы Арыс қаласының тұрғындарына көмек ретінде аударады.
​Әкімдікте атап өткендей, қиын кезеңде отандастарына қолдау көрсету – әрбір қазақстандықтың парызы.
​- Арыста орын алған қайғылы жағдай ешкімді бей-жай қалдырмады. Еліміз үшін күрделі осы кезеңде баршаңызды бірлесуге және қолдан келгенше көмектесуге шақырамыз,- деп атап өтті әкімдіктің баспасөз қызметі.
​Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының Атырау филиалында әскери қоймадағы жарылыс кезінде зардап шеккен Арыстың тұрғындарына көмек қабылдау пункті ашылды.
Мұқтаж жандарға қажетті заттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 79а, «Nur Otan» партиясының ғимараты.
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласу қажет:
+7​ 775​ 000 2885 Ринат, +7​ 775​ 363 7848 Динара

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір