• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:01:53
Алматы
+35°

26 Маусым, 2019 Оқиғалар

Мешіт маңында журналистерге шабуыл жасаған кімдер?

Арыстан эвакуацияланған тұрғындар жайлы видеорепортаж түсіріп жүрген Vlast тілшілері Қанат Бейсекеев пен Әділет Әбішке белгісіз адамдар шабуыл жасаған.

25 маусымда Арыстан эвакуацияланған тұрғындар жайлы Шымкенттегі мешіттен видеорепортаж түсіріп жүрген Vlast тілшілері Қанат Бейсекеев пен Әділет Әбішке белгісіз адамдар шабуыл жасаған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғаға полиция араласып, журналистерді Абай аудандық ішкі істер бөлімшесіне апарған. Олардан оқиға жайлы сұрастырған соң бір сағаттан кейін босатқан. Журналистерге кімнің шабуыл жасағаны әлі белгісіз.

Оқиғаны өз көзімен көрген белсенді Айгүл Орынбектің жазуынша, белгісіз адамдар журналистерге "Оқиғаны шынайы айтпайсыздар" деп шағымданып, шабуыл жасаған.

"Ақпарат майданында жүру оңай жұмыс емес! Зардап шеккендерге көмек береміз деп барып, соққыға жығылдық. Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің араласатын уақыты келген сияқты. Төтенше қызмет, ұлттық ұлан, полиция, қорғаныс министрлігі, әкімдік мына жағдайды игере алмай жатыр. Себебі мешітке көмек берем деп келген адамдардың шын ниетін анықтау керек! Провакаторлар халықты билікке қарсы қойып, қазақ баласын, кәріс баласы деп біздің көзімізше тепкіліп ұрып тастады. Оларды түсіріп тұрған біздің қолымыздан қайырып телефонымды алмақшы болды. "Оқиғаны шынайы айтпайсыздар"- дейді. "Басы жұлынған адам бар"- деп айқайлайды, бірақ нақты видеоға ештеңе айтпайды. Көбісі сақалды, қысқа балақтылар!
Сөздері агрессияға толы, "қазақтың жері"-де айқайлағаннан басқа ештеңе айта алмайды. "Мешітте отырып алып ешқандай көмек жоқ биліктен"- деп айтып отырған уағыздары, жүйкесі тозып отырған халықты одан сайын өршіте түсуде! Арыстың қайғысын әркім өз пайдасына пайдалануда!
Ұлттық Қауіпсіздік комитеті төрағасы К.Мәсімов мырза қоғам белсендісі ретінде біздегі оқиғаны өз бақылауыңызға алуыңызды сұраймын!
Мемлекеттің қауіпсіздігі үшін дәл қәзір бүкіл құрылымдық күштер бірігу керек!" - деп жазды Айгүл Орынбек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір