• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 23:48:23
Алматы
+35°

28 Маусым, 2019 Бизнес

Тойота қалай табысқа жетті?

"Тойота" компаниясында жұмыс процесін оңтайландыруды ұсынатын қызметкерлер тобы – "Сапаны бақылау үйірмелері" ашылған. Сапаны бақылаушы әрбір үйірме: цехтің 5-7 қызметкері мен тәлімгерден тұрады. Жақсы нәтиже көрсетіп, топ жарған үздік үйірмелер үнемі Жапония мен Еуропадағы халықаралық конференцияларға қатысып, өз идеяларын басқа зауыттардағы әріптестерімен бөліседі.

Күллі әлемнің автокөлік өндірушілері дағдарыстан көз ашпай отырған кезеңде, "Тойота" компаниясының керісінше тасы өрге домалап, қарыштап дамуының басты себебі – TPS (Toyota Production System) өндірістік жүйесінің нәтижесі.

Бұл жүйенің жұмыс үдерісіне енгізілгеніне 60 жылдан асып барады. Адами құндылықтарды қадірлей білетін TPS сияқты үдемелі үдерістің астарында адамдарға құрмет көрсететін "Respect for people" әдісі мен үздіксіз жетілдіруші "Кайдзен" жүйесі жатыр. Тойотаға толағай табыс сыйлаған кайдзен жүйесін кеңінен тарқатып айтсақ. 

Кайдзеннің басты мақсаттарының бірі – өндірістің тиімділігін арттыру. Мәселен операторға бір бөлшекті алу немесе онымен жұмыс жасау қиынға соғады делік. Бұл мәселені шешу үшін арнайы тексеруші топ әлгі оператордың жұмыс орнына келеді. Туындаған қолайсыздықты өз көздерімен көріп, сараптама нәтижесінде жұмыс орнындағы олқылықтың орнын толтырады. Осылайша, қызметкерге жұмыс орны мүмкіндігінше қолайлы, жұмыс нәтижесі әлдеқайда жоғары болады.

Кайдзен тікелей өндірісте жұмыс жасайтын адамдар үшін өте маңызды, өйткені бұл жүйе қызметкерлерге өз мүмкіндіктерін толықтай көрсетуге жол ашады. Менеджмент кейде инженерлерге қарағанда осындай жұмыскерлерді бағалайды – практикалық тәжірибе өндірісте жұмыс істемеген әуесқойларға  қарағанда әлдеқайда құнды.

Сондықтан, "Тойота" компаниясында жұмыс процесін оңтайландыруды ұсынатын қызметкерлер тобы – "Сапаны бақылау үйірмелері" ашылған. Сапаны бақылаушы әрбір үйірме: цехтің 5-7 қызметкері мен тәлімгерден тұрады. Жақсы нәтиже көрсетіп, топ жарған үздік үйірмелер үнемі Жапония мен Еуропадағы халықаралық конференцияларға қатысып, өз идеяларын басқа зауыттардағы әріптестерімен бөліседі. Yokoten жапон қағидасының мақсаты – тәжірибе алмасу және маңызды ақпараттармен бөлісу процесін бір ғана кәсіпорынның қызметкерлерімен шектемей, бірнеше кәсіпорын қызметкерлерінің арасында асыруды көздейді.

қхұқх

Өз өнімдерінің сапасына сын көзбен қарайтын "Тойота" компаниясында сапаны сырттай бақылаудың көпсатылы жүйесі енгізілген. Біріншісі – "сыни нүктелер" деп аталады, бұл сатыда қауіпсіздікке байланысты, заңнамалық нормаларға сәйкестік, атмосфераға шығарылатын қалдықтар және түрлі бөлшектердің байланысы тексеріледі. Бұл тексерісті әрбір цех өздері жасайды. Екіншісі – әрбір өндіріс бөлімшелерінің соңында болатын кіші-тексеріс. Соңғы үшінші сатысы – төрткүл дүниенің төрт бұрышына аттанғалы тұрған дайын автокөліктерді қоймаларға жіберуден бұрын жасалатын соңғы сапа тексерісі.

нг.оено

құхз.қх

"Тойота" компаниясының тағы бір таңғажайыбы – әрбір қызметкердің жұмыс орны "5S"деп аталатын бес қағида негізінде құрастырылған. Олар:

  1. Seiri немесе Сұрыптау – заттарды керек және керексіз деп екіге бөліп, керексіз деп тапқандарыңыздан тез арада құтылу.
  2. Seiton немесе Тәртіп сақтау – заттарды қиналмай тауып, қолдануға қолайлы боатындай етіп бірізділікпен орналастыру.
  3. Seiso немесе Тазалық – жұмыс орнын, қажетті құрал-жабдықтарды таза ұстау.
  4. Seiketsu немесе Стандарттау – тұрақтылық пен тәртіп сақтау.
  5. Shitsuke немесе Мінсіздік - белгіленген ережелер мен техникалық операцияларды 100 пайыз дұрыс орындау дағдысын қалыптастыру

Бұл қағидаларды күнделікті өмір салтына енгізу үшін міндетті түрде біз әңгіме етіп отырған кәсіпорынның қызметкері болуыныңыз қажет емес. Тек қана өзіңізді-өзіңіз жеңіп, өзіңізді-өзіңіз қамшылап, қарекет қылсаңыз жетіп жатыр. Кемелдікке кайдзенмен бірге қадам басыныңыз!  

Дәурен Сыбанбай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір