• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:26:50
Алматы
+35°

02 Шілде, 2019 NEWS

Министр: Грантқа түсе алмаған талапкерлер де тегін оқи алады

Минстрдің айтуынша, биыл қосымша 5 мың грант көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға беріледі.

 

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қосымша гранттардың қалай таратылатынын айтып берді, деп хабарлайды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Минстрдің айтуынша, биыл қосымша 5 мың грант көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға беріледі. Гранттардың қаражаты трансфер арқылы жергілікті әкімдіктерге аударылады. Атқарушы органдар өз кезегінде өңірдің қажеттілігін ескере отырып, нақты мамандықтардың тізбесін жасайды. Одан кейін конкурс негізінде гранттарды таратады.

"Конкурсқа қатысу үшін талапкер ұлттық бірыңғай тестілеудің шекті балын жинауы қажет. Жалпы, осы грантқа ие болу үшін үміткерлер, ең алдымен, жылдағыдай негізгі 53 785 грантқа 21-31 шілде аралығында республикалық конкурсқа қатысып, бағын сынайды. Ал сол жалпы конкурс бойынша грантқа ие болмаған көпбалалы отбасыдан шыққан және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санатындағы талапкерлер қосымша берілген жаңағы 5 мың грантты алу үшін тамыз айының 5-10 аралығында келесі конкурсқа қатысуға жергілікті атқарушы органдарға өтініш бере алады", - деді Аймағамбетов.

Оның сөзіне қарағанда, қосымша гранттар ҰБТ-ның ұпай санына қарай тағайындалады. Ал жеңімпаздардың тізімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір