• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:22:14
Алматы
+35°

22 Маусым, 2019 Шығыс Қазақстан облысы

Күршімде "Тамашаның" тарланына ескерткіш тақта қойылды

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында көзі тірісінде «Тамашаның тарланы» атанған талантты өнер иесі Уәйіс Сұлтанғазинге ескерткіш тақта орнатылды

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында көзі тірісінде «Тамашаның тарланы» атанған талантты өнер иесі Уәйіс Сұлтанғазинге ескерткіш тақта орнатылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.   

Бұдан бес жыл бұрын Күршім ауылындағы Павлодар деп аталған көшеге жергілікті тұрғындардың ұсыныс-тілегімен осы өңірде туып-өскен, елімізге танымал әртіс болған Уәйіс Сұлтанғазиннің есімі берілген еді. Енді міне араға біраз жыл салып ажары кіріп, абаттанған осы көшенің төрінен Уәйістің бейнесі кескінделген әдемі тақта орын тапты.  

– Уәйіс көшесінде тұратын Ж.НұрымовМ.БекбауовС.ҚисановТ.Байдолдин сынды белсенді азаматтардың бұл игілікті істі ықыласпен қолдап, қолғабыс жасауының арқасында сауапты шараны жүзеге асырдық. Бұл әрине бүкіл еліміз рухани жаңғырып жатқан тұста қазақ өнеріне зор үлес қосқан замандасымыздың есімін жас ұрпақтың санасына сіңіріп, өнерін үлгі ету мақсатынан туған талпыныс, – дейді белгілі әртістің сыныптас-досы Мұхаметбек Құнапиянов. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір