• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 00:01:44
Алматы
+35°

02 Шілде, 2019 Барлық аймақтар

Италиядағы оппозиционер ендігі кезекте Өмірзақ Шөкеев пен басқа да әкімдерді сынға алып, Youtube арнасына видео жүктеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Тұрғымбай Ержан өз видеосын Арыстағы жағдайдан бастады. Сол туралы сөз қозғады да:

"Кірген кезде "осторожно" кір дейсің Өмірзақ. Менің таңым бар саған. Сен өзің сол Шымкенттікісің қателеспесем. Өз жерлестерің ғой, сол жандарға неге көмек бермейсің? Сенің және сенің қасыңда талтайып жүрген Нұрлан Ермекбаевтың істерің дұрыс емес. Мен сайлауға дейін айтқанмын, Қосанов алдайды деп. Қазір сендер алдап жатырсыңдар халықты. Бәріне Арысқа жүр дейсің. Кір дейсің, қорықпа дейсің, 100 пайыз таза бәрі дейсіңдер. Далада шашылып жатыр екен снарядтар. Құдай сақтасын балалар ойнап жүрген кезде жарылса не болады. Сендер неге құнығып жатырсыңдар. Еркексіңдер ғой. Еркек шығарсыңдар енді. Кішкене болса да намыс болу керек қой. Пендеміз ғой бәріміз, түсінемін. Ертең бірдеңе болса кінәлі сендер боласыңдар. Қазақта жақсы сөз бар  "Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда" деген. Саған және басқа да әкімдерге айтарым. Қазіргі уақытта қытайлар басып алғысы келеді бізді. Барлық билік сатылған. Еліміз үлкен қауіпте тұр. Ең басты қауіп егемендігімізден айырылып қалуымыз мүмкін. Сен арыстықтармен бірге тұрамын деп өтірік айтпа. Саған сену үшін отбасыңды алып кел Арысқа. Сонда бәрі сенеді. Кеш болмай тұрған кезде әрекет қылыңдар. Халықты Арыстан шығарып, толық тазалап сосын көшіріңдер халықты",- деді.

Шетелде отырып, елдің саясатын түзегісі келетін Ержан мырза осыған дейін де Арыс жайлы видеолар жүктеген.

Ескерту: Видеода артық сөздер бар!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір