• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Тамыз, 04:13:17
Сенім үдесінен шыққан банк

04 Шілде, 2019 Атырау облысы

Нұрлан Ноғаев Кипр елінен жеңіспен оралған баламен кездесті

Нұрлан Ноғаев Кипр елінде математикадан өткен республикалық олимпиаданың жеңімпазымен кездесті

Білім -инновация лицей –интернатының оқушысы Айбек Мырзатаев математика пәні бойынша республикалық олимпиаданың алтын медаль иегері атанды. Оны жеңісімен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жеке құттықтады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Кипр елінің Ларнака қаласында 23-ші жасөспірімдер арасындағы Балкан математикалық олимпиадасы өтті, оған 17 ресми командадан құралған 112 адам қатысты, олардың ішінде 10 команда Балкан аймағынан болса, қалған 7 қонақтық командалар, оның ішінде біздің Қазақстан құрамасы да болды. Олимпиада Кипр Республикасының математиктер одағымен ұйымдастырылған. Қазақстан командасы бірнеше жылдар бойы қонақ ретінде үздіксіз қатысып келеді. Балкан Жасөспірімдер Олимпиадасының тарихында тұңғыш рет Қазақстан құрамасы бейресми командалық жарыста 17 қатысушы командалар арасында екінші орынға ие болды. Олимпиада нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы екі алтын, үш күміс және бір қола медальді жеңіп алды. Алтын медальдің бірін Атыраулық оқушы Айбек Мырзатаев жеңіп алды. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Айбек Мырзатаевты, оның әкесі Исатай Сабитовты және Білім -инновация лицей –интернатының директоры Эльма Исмаилды қабылдады.

"Менің әріптестерім және мен сіздерді шын жүректен құттықтаймыз және осындай табысқа жеткеніңізге қуаныштымыз. Сөз жоқ , бұл сіздің ата-анаңыздың және мұғалімдеріңіздің еңбегі. Қазір сен басқа оқушыларға үлгі болдың, ендігі саған қарап басқалары бой түзейтін болады. Барлық өмірлік сынақтарда бірінші орындарда тұруыңа тілектеспін",- деді Нұрлан Ноғаев.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір