• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 23:30:11
Алматы
+35°

11 Шілде, 2019 NEWS

Алматылық зообақта арыстан өліп қалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы зообақ директоры Вячеслав Банщиков айтты.

"Бізге берілген кішкентей арыстанымыз қаза тапты", - деді Банщиков.

Естеріңізге сала кетейік, 10-шілде күні зообақты Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев аралаған болатын. Хайуанаттарды ұстауға және олардың денсаулықтарына қатысты мәселелер жайлы ойын білдірді.


"Алматының хайуанаттар паркінде болдым. Сол жерде істің жағдайымен таныстым. Хайуанаттарды ұстауға және олардың денсаулықтарына қатысты шешімін күткен мәселелер бар. Мұнда келушілер мен парк қонақтарының дұрыс көңіл көтерулері және тынығулары үшін оның айналасын абаттандыру, жайлы орындар жасау керек. Медпункттердің, ана мен бала бөлмесінің, заманауи балалар қалашығының болғаны жөн. Тоғандар мен хайуанттар вальерлерін жөндеу қажет. Алматының хайуанаттар паркінің құрылғанына 80 жылдан астам уақыт өтсе де ол үнемі қалалықтар мен балалардың сүйікті орны болып келді және солай болып қала береді!", - деді Алматы әкімі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір