• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:47:35
+35°

11 Шілде, 2019 Әлем

Өзбектер өз жерінде АЭС салуды дұрыс деп есептейді, ал біз ше?!.

Зерттеу жұмыстары "Ижтимоий фикр" қоғамдық пікір республикалық орталығы арқылы ұйымдастырылды

Өзбекстан азаматтарынан атом электр станциясын (АЭС) салуға қатысты сұралған сауалнаманың нәтижесі шықты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.

Зерттеу жұмыстары "Ижтимоий фикр" қоғамдық пікір республикалық орталығы арқылы ұйымдастырылған. Сауалнама әртүрлі әлеуметтік жағдайдағы тұрғындардың тобынан алынды.

Зерттеу нәтижесі бойынша, сауалнамаға қатысқан респонденттердің жартысынан көбінің (69,5%) атом энергетикасы туралы хабары бар. Бірақ, көптеген адамдар табиғи ресурстардың үнемдеу мақсатында атом энергиясының бейбіт қолдану маңыздылығын айтқан.
Сонымен қатар, зерттеушілер  АЭС құрылысына қатысты пікірлер  неге жағымсыз екеніне де талдау жасаған.

Бұл орайда респонденттердің көбісі атом энергиясының экологияға зияндылығы туралы айтқан.  Адамдардың 30 пайызы бұл туралы тіпті білмейтінін жеткізген. Ал олардың 20 пайызы экология қоршаған ортаға зиянын тигізеді деп ойлайды. Бірақ та сауалнамаға қатысқан адамдардың басым бөлігі қазіргі заманға сай атом электр станцияларынан табиғатқа залал келмейді деп есептейді.

Сонымен. сауалнама нәтижесі нені көрсетті? Сарапқа салар болсақ, Өзбекстан тұрғындары атом электр станциясының құрылысын салуға қарсы емес. Сауалнамаға қатысқандардың  83 пайызы АЭС құрылысын салу дұрыс деп есептейді, 85,6 пайызы АЭС қызметін қолдайтынын айтқан.

Сұралған әрбір екінші респондент (55,7%) АЭС құрылысында немесе станцияның өзінде жұмыс істеуге дайын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір