• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
24 Тамыз, 15:24:27
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

17 Шілде, 2019 NEWS

"Чернобыль" сериалын көрген ақтөбелік өз-өзіне қол жұмсады. Неге?

Оның Гаухар есімді қызының айтуынша, "Чернобыль" сериалын көргеннен кейін сол уақыттағы естеліктер қайта жаңғырып, әкесі көз жасын тоқтата алмаған.

Ағымдағы жылдың 15-маусымында Ақтөбе тұрғыны Нағашыбай Жүсіпов «Чернобыль» сериалын көргеннен кейін өз-өзіне қол жұмсады. Оның денесін 5 қабатты үйдің үстінен құлағаннан кейін өлі күйінде тапқан деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Нағашыбай Жүсіпов – 1986 жылы Чернобыль жарылысын апатын залалсыздандыруға жұмыс жасаған азамат. Кеңес Одағы құлағаннан кейін көптеген посткеңестік елдер Чернобыль ардагерлеріне қызметі үшін деп пәтер берген. Ал Нағашыбай өз қызметі үшін берілуі тиіс пәтерге қол жеткізе алмай, өмірінің соңына дейін бес баласымен және әйелімен жатақханада тұрып келген.

Ол өзінің жұмысына берілген азамат еді. 10 жыл бойы пәтер кезегінде тұрған ол өзінің аты тізімнен өшірілгенін көргенде қатты қапаланыпты. Чернобыль жарылысы кезінде қызмет жасағаннан кейін оның денсаулығы күрт нашарлап, аурухана төсегіне жиі таңылатын болған.

Айға жуық уақыт бұрын Нағашыбай Жүсіпов "Ақтөбе Таймс" ақпарат құралына сұхбат беріпті.

"Бізді не үшін шақырып жатқанын ешкім айтқан жоқ. Ол кезде трактор айдайтын едім. Чернобыль апатынан кейін денсаулық нашарлап кетті. Мен одан кейін Семейде де қызмет жасадым. Кейде көшеде жүріп келе жатып құлап қалатын кездер болады. Жанымда әйелім жүретіні қандай жақсы", - дейді ол сұхбатында.

"Мен оны танитынмын және өз-өзіне қол жұмсағаны туралы да естідім. Нағашыбай запастағы әскердің бірі еді. Чернобыль апатын залалсыздандыруға бірінші боп аттанды және ең қауіпті төртінші блокта жұмыс жасады. 1997 жылы оған жатақханадан бөлме берді. Сол жерде әйелімен және кішкентайларымен бірге тұрып жатқан. Балалары өскеннен кейін ол жатақханадағы бөлмесінің орнына пәтер беруді сұрады. Пәтерге 10 жыл бойы кезекте тұрды. Кейін ол тізімнен сызылғаны белгілі болды. Мен оны соңғы көргенде өз дегеніне жете алмаған шаршаңқы күйде еді. Оның биіктен секіріп кеткені де сол пәтер мәселесінен болды деп ойлаймын. Қазір аймақта 244 залалсыздандырушы тұрады. Барлығымыз апаттан кейінгі мүгедектерміз. Кезінде біздің санымыз 2 мыңға жуық еді. Қазірдің өзінде жеке пәтері жоқ 20 шақты ардагер бар. Мен бұл мәселені әкімшілік алдында көтеремін. Нағашыбайдың әйелі үй алуы тиіс", - деді "Ақтөбе облыстық Чернобыль мүгедектері" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Сатов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір