• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:43:00
Алматы
+35°

25 Шілде, 2019 NEWS

Бос жатқан 1700 қабір: Шенеуніктер көзі тірі туыстары үшін меншіктеп алған

Қазір Хожа Имам зиратында құрылыс және жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оған бір мыңға жуық адам тартылған. Бұл зираттың пайда болғанына 1000 жылдан асқан.

Бұхарадағы Хазрати Имам зиратында шамамен 18 000 мола бар, солардың 1700 қабірі бос екені анықталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі centralasian.org сайтына сілтеме жасап.

Адамдар оларды көзі тірісінде алдын ала белгілеп қойған, бірақ ешкім жерленбеген.

Бұл туралы Daryо.uz басылымына Бұхара қаласы әкімшілігінің қызметкері Бафо Нарзуллаев айтқан.

"17 гектарды алып жатқан Хожа Имами Хафси Кабир Бухари зираты тексерілді. 18 мыңға жуық мола анықталды, олардың 8-10 пайызы бос екені белгілі болды. Жерлеуге арналған жер тегін беріледі, адам жерлейтін уақытта мола қазу жұмыстары ғана ақылы", - деді ол.

Daryo.uz мәліметі бойынша, 1700 қабірге қоршау салынған. Дереккөздердің айтуынша, бұл молаларды жергілікті шенеуніктер көзі тірі туыстары үшін меншіктеп алған.

Қазір Хожа Имам зиратында құрылыс және жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оған бір мыңға жуық адам тартылған. Бұл зираттың пайда болғанына 1000 жылдан асқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір