• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:19:21
Алматы
+35°

01 Тамыз, 2019 NEWS

Жарты жылда 22 мың адам Қазақстаннан көшіп кетті

Жыраққа жылыстаушылардың арасында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары көп.

2019 жылдың алғашқы жартысында елден 22,3 мың адам көшіп кеткен деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі lsm.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, кеткендердің көбі – 19 650 адам Ресейге қоныс аударған. 1,4 мың адам Германияға, 321 адам Польшаға, 238 адам Өзбекстанға, 162 адам Беларусьқа, 129 адам Қырғызстанға көшкен. Сондай-ақ АҚШ-қа 130, Израильге 53, Канадаға 45 адам біржола аттанған.

Жыраққа жылыстаушылардың арасында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары көп. Ол жақтан 3 мың адам шетел асқан. Қостанай облысынан 2,9 мың адам, Қарағанды облысынан 2,8 мың, Павлодар облысынан 2,3 мың, елордадан 2 мыңнан астам, Алматыдан 1,9 мың адам отанын тастап кеткен.

Шетелге кетушілер арасындағы ең төменгі көрсеткіш Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарында тіркеліп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір