• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:36:17
Алматы
+35°

02 Тамыз, 2019 NEWS

Шетелдік инвесторды сабаған қазақ жігітін қандай жаза күтіп тұр?

Инвесторды сабады деп айыпталған күдікті: Мен ешкімге тиіскен жоқпын

Павлодар облысындағы Маралды көлінде инвесторды соққыға жықты деп айыпталған күдікті жағдайды өз нұсқасында айтып берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, оқиға Шарбақты ауданының тұрғындары жиналған кезде болған. Кездесуге әкім мен аудан прокуроры да қатысыпты. Тұрғындар сол мезетте инвесторды және екі орманшыны сабап тастаған. Аталған факті бойынша полиция үш қылмыстық іс қозғаған.

"Инвесторға дене жарақатын салды" деген айып тағылған күдікті Ерлан Аңдамасовтың айтуынша, ол ешкімді ұрмаған. Сондай-ақ, оның бұл сөздерін дәлелдейтін видеолар да бар көрінеді.

  • «Өзім де түсінбеймін. Қолым бүтін. Денемде ешқандай сызат жоқ. Мен бұл нәрсені істей алмас едім. Біз аталған істі Шарбакты ауданының ішкі істер бөлімінде тексеруін талап етеміз. Істі облысқа жібергенін қаламаймыз», - деді Жылыбұлақ ауылының тұрғыны Ерлан Аңдамасов.

Аудан тұрғындары Маралды көлін жалға алған кісілердің жұмысына көңілдері толмайтынын мәлімдеді. Тұрғындардың айтуынша, жалға алушылар үш жыл бұрын берген уәделерін әлі күнге орындамай келеді. Үш жыл бұрын жалға алушы тарап жергілікті тұрғындардың курорттық аймаққа еркін кіріп-шығатынын, жұмыспен қамтитынын айтқан екен.

  • «Олар басынан бастап жергілікті халықпен санасуы керек еді. Құрт, қымыз сатуымызға ұсыныс жасауы тиіс еді. Біз онсызда барамыз ол жаққа. Бірақ кіру үшін мың теңге сұрайды. Ал ең басында әңгіме басқа еді. Бізге сатыңдар, ақша табыңдар, кіріңдер деген», - дейді жергілікті тұрғын Нұржан Матаев.

Сонымен қатар, жергілікті тұрғындардың әңгімесіне сенсек, инвесторлар таза көлді ластап жатыр-мыс.

  • «Көп ақша бөлінеді ғой. Ешқандар санитарлық тазалық жоқ. Міне, өлген жылқының денесі осы жерде жатқанына екі жыл болды. Міне, біздің көліміздің жағдайы – осы», - дейді Жылыбұлақ ауылының тұрғыны Дәулет Аймаханов.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір