04 Тамыз, 2019 Ән-күй
Белгілі жас әнші Ержан Максим балалар мен жасөспірімдер арасында өтетін «Junior Eurovision» байқауына қатысады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Конкурс 24 қарашада Польшаның Гливице қаласында өтеді. Ән қоржынында қандай шығармалардың болатыны әзірге белгісіз. Сондай-ақ бүгінгі таңда Ержанға арнап композиторлар жеке туынды жазуда.
Әншінің анасы Гүлмира Әлібектің айтуынша, нақты мәлімет тамыз айының соңында белгілі болады. Айта кетейік, Ержанның «Junior Eurovision» байқауға қатысуы «Хабар» Агенттігінің Еуропалық хабар тарату одағына мүше болуы және екіжақты жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде мүмкін болды.
Ержан Максим, әнші: – Дайындық әзірше жақсы. Репертуар жағын әлі таңдаған жоқпыз. Енді елімнің үмітін ақтаймын деп ойлаймын. Осы «Junior Eurovision» байқауын жеңсем бе деп ойлаймын. Үміттенемін.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір