• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:32:34
Алматы
+35°

Көкшетаулық "Оқжетпес" жастар клубының футболшысы Роман Зюзиннің неден қайтыс болғаны белгілі болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан.

Футбол клубы жас спортшының сеспистен (іріңдеу) көз жұмғанын айтты. Өткен демалыс күндері Роман Зюзиннің ыстығы көтеріліп, ауруханаға жатқазылыпты.

Футболшының өлімі туралы 14 тамызда хабарланған.

"Жақын адамнан, достан айырылу қандай қайғы. Мықты, денсаулығы зор жастардың қаза болуы одан өткен қасірет. "Оқжетпес" футбол клубы Роман Зюзиннің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Роман көкшетаулық "Оқжетпес" клубының жастар командасында ойнаған болатын" – делінген команданың ресми сайтында. 

Жас ойыншымен қоштасу рәсімі 16 тамызда Көкшетау қаласындағы "Оқжетпес" командасының стадионында өтеді. Алдын ала мәлімет бойынша рәсім таңғы сағат 11.00-де басталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір