• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:13:37
Алматы
+35°

19 Тамыз, 2019 Аймақтар

Жамбылда ауыл тұрғындары электронды қызметке оңай қол жеткізеді

Онда арнаулы сайт арқылы ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмысына қажетті білім беру, ауыл шаруашылығы, спорт, жұмысқа орналастыру секілді 13 сала бойынша ақпараттар және мекенжай, зейнетақы аударымдары туралы анықтама, неке туралы өтініш, балабақшаға кезек, жылжымайтын мүлік, азаматтың соттылығының немесе соттылығының жоқтығы туралы анықтама алу мемлекеттік қызметтерін пайдалануға мүмкіндік жасалды.

Жамбыл облысында ауыл тұрғындарының мемелкеттік қызметтерге қол жеткізуін жеңілдету мақсатында жүйелі жұмыстар жүруде. Осы мақсатта биыл Әулиеата өңірінде ауылдық кітапханалар базасында 119 «Цифрлық ақпараттық орталық» ашылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Онда арнаулы сайт арқылы ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмысына қажетті білім беру, ауыл шаруашылығы, спорт, жұмысқа орналастыру секілді 13 сала бойынша ақпараттар және мекенжай, зейнетақы аударымдары туралы анықтама, неке туралы өтініш, балабақшаға кезек, жылжымайтын мүлік, азаматтың соттылығының немесе соттылығының жоқтығы туралы анықтама алу мемлекеттік қызметтерін пайдалануға мүмкіндік жасалды. Жыл соңына дейін интернеті бар барлық ауыл округ кітапханаларда осындай орталықтар ашылмақ. Сондай-ақ, «Электрондық архив» жүйесі орнатылды.

Бұдан бөлек, аймақта мәдениет саласын дамыту бойынша іргелі жобалар қолға алынып келеді. Атап айтқанда, Жамбыл Жабаевтың туған күніне өткен жылы басталған республикалық ақындар айтысының деңгейі көтерілді. Оған қоса таланттарды іріктеу ауыл округтерінен басталып, аудандардан 90 үміткер оның ішінен үздік деп танылған 31 ақын облыстық кезеңге қатысты. Нәтижесінде республикалық сайысқа қатысқан 8 ақынның бірі – жерлесіміз Қанат Мырзаxан бас жүлде – автокөлік иеленді.

Сол сияқты, «Әулиеата бояулары» атты І халық шығармашылығы фестивалі ұйымдастырылды. Оған аудандардан 300 үміткер қатысып, 134 үміткер облыстық кезеңге жолдама алды. Үздік деп танылған 60 сурет, 100 фотосурет және 15 қолөнер бұйымдары «Шахристан» этно-мәдени кешенінде жаңадан ашылатын галлерея, көрме залын толықтырады.

Көптомдық кітаптар шығару бағытында жұмыстар жүргізіліп, «Тарихи танымдылық» бағыты бойынша – 15 том, шығармашылық бағыты бойынша 35 том материалдар жинақталды.

«Талас толқындары» атты І облыстық музыкалық өнер фестивалі де қолға алынды. Оның аясында қобызшылар конкурсы, ән конкурсы, эстрада орындаушылардың конкурсы, би конкурсы ұйымдастырылды.

Ал, туризм саласына инвестиция тарту бойынша 12 арнайы туристік бағыттар айқындалған іс-шаралар жоспары әзірленді. Оның 2-еуі Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары аумағы арқылы өтетін «Жаңа Жібек жолы» экспедициялық бағыттары.

«Қаралма» тау-шаңғы базасы жобасы жүзеге асырылуда.

«Төрткүл» керуен сарайында «Көне Тараз шеберлері» жобасы қолға алынды.

Тараз қаласы және қала аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер маршрутымен тегін «Туристік 2 автобус» іске қосылды. Олар 5 ай бойы сенбі, жексенбі, мемлекеттік мейрам күндері тегін 2 автобус жұмыс ісейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір