• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:15:52
Алматы
+35°

20 Тамыз, 2019 Аймақтар

Жамбылда жастар жұмыссыздығы жіті назарда

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында қысқа мерзімдік оқу курсын бітірген 95 азаматқа сертификат тапсыру және бос жұмыс орындарын ұсынушы жұмыс берушілер мен жұмыссыздар есебінде тіркеуде тұрған азаматтардың жұмысқа орналасуына қол ұшын беру мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.

Жастар саясатын оңтайландыру бағытында бүгінде аз жұмыс жасалып жатқан жоқ. Әсіресе жастар жұмыссыздығы, олардың біліктілігін арттыру мен жас кәсіпкерлерді қолдауға бөлініп жатқан қаражат та, қолдау да аз емес. Десе де, рас бүгінде жастардың жұмысқа орналасуы үлкен мәселе. Себебі, тәжірибенің болмауы, еңбек өтілінің жоқтығы да жұмысқа орналасуға кедергі келтіреді. Алайда қазіргі таңда жастарға мемлекет тарапынан тиісті жағдайлар жасалып, олардың жұмысқа орналасуына мүмкіндік туып отыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында қысқа мерзімдік оқу курсын бітірген 95 азаматқа сертификат тапсыру және бос жұмыс орындарын ұсынушы жұмыс берушілер мен жұмыссыздар есебінде тіркеуде тұрған азаматтардың жұмысқа орналасуына қол ұшын беру мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Оған №8 Мойынқұм колледжінің директоры Қ.Бейімбетов, Мойынқұм АПБ ЖПҚ аға инспекторы, полиция майоры Т.Кудасбеков, аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Н.Каипов, жұмыспен қамту орталығының мамандары қатысты. Жиында №8 Мойынқұм колледжінің директоры Қ.Бейімбетов 3 айлық қысқа мерзімдік оқу курсын аяқтаған азаматтарға сәттілік тілеп, сертификаттарын тапсырды. Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары Мақпал Құлдыбаева, Серік Нәметхан келген жұмыссыз азаматтарға мемлекеттік бағдарламалар: атаулы әлеуметтік көмек, жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін жастарға және көп балалы, аз қамтылған отбасыларға арналған қайтарымсыз грант туралы және бүгінгі күнге дейінгі келіп түскен бос жұмыс орындарымен таныстырып өтті. Оған 112 жұмыссыз азамат қатысты, оның ішінде 29 азамат тұрақты жұмысқа, 14 жұмыссыз азамат қоғамдық, 15 жұмыссыз азамат жастар іс-тәжірибесіне жолдама алды. Соның ішінде, қысқа мерзімді оқуды аяқтаған 22 азамат тұрақты жұмысқа жолданды.

Әрине, көш жүре түзелетіні белгілі. Сондықтан бұл шаралармен жастар жұмыссыздығын біржолата жүгендей аламыз дей алмаймыз. Алайда теңізге түскен бір тамшыдай болса да бұл ел ертеңі үшін жасалып отырған игі қадам.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жамбыл облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір