• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
23 Қыркүйек, 21:36:43
"Шетелде оқу – өмірлік миссия мен қызметтік жолыңызды тануға көмектеседі"

21 Тамыз, 2019 NEWS

Елбасы: Шенеуніктер БАҚ редакторларына қысым көрсетпеуі керек

Nur Otan партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы "Nur Otan" партиясы өзінің ақпараттық стратегиясын қайта қарауы керектігін айтты, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Партия алға қарай жылжитын, ақпараттық, идеологиялық саясатты жүргізуі тиіс. Бүгінгі таңда медиада шынайы бейнені бұлдырататын арналар көбейіп барады. Жай ғана қайдағы бір сұрақты лақтырады да – шындыққа сай келе ме, жоқ па біліп алыңдар дейді (...) Кейін партияның толық медиатобы, телевизиялық арнасы, газеттері – аузын жауып отырады. Біздің орталық ақпараттық арналар да аузын ашпайды. Ой, қорқамыз... Бұрын мен керісінше, маған ақша төле, әйтпесе сен туралы жаман жазамын деген редакторларды жазалайтын едім. Әкімдер осы үшін ақша төлейтін. Ал қазір егер сен бірдеңе жазсаң, біреу арқылы сені жұмыстан шығарамын деген бопса пайда болды. Біз оны білеміз. Егер осындай жағдай тіркелсе, қандай лауазымда болса да, жұмыстан шығарамыз. Кім болса, ол болсын", – деді Елбасы "Nur Otan" партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі таңда кез келген мәселені республикалық деңгейдегі проблема етіп көрсету жағдайы белең алып бара жатқанын айтып өтті.

"Интернет оған көмектесіп жатыр. Ешкім жауап бермейді. Партия жала жапқаны үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында заң қабылдау бастамасын көтеруі тиіс. Ешкім ешкімге істі абсурдқа дейін жеткізу құқығын берген жоқ. Дәстүрлі БАҚ позициясынан айырылып барады. Дәурен Абаев осы мәселе бойынша ойланып, жұмыс жүргізуі керек. Телефондық құқық болмауы тиіс. Шенеуніктер редакторларға қысым көрсетеді. Әртүрлі жолдармен сыни материалдардың жолын кеседі. Осыдан кейін қоғамдық санада балама шынайылық қалыптасады. "Nur Otan" сол себепті, өзінің ақпараттық стратегиясын қайта қарауы керек. Партиялық БАҚ шынайы әрі жедел ақпараттың көзіне айналып, оза жұмыс жүргізуі тиіс. Ең дарынды адамдарды тартып, тиісті айлық төленуі керек", – деді Елбасы.

Аян Бекенұлы

inform.kz

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір