• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Қыркүйек, 10:56:16
Шашырап жүрген қазақты бүгін көшіріп алмасақ, ертең жоғалтып алуымыз мүмкін

21 Тамыз, 2019 Барлық аймақтар

Сенім үдесінен шыққан банк

Еліміздегі 40 мыңнан астам компанияның қызметкерлері жалақыларын Халық банкі арқылы алады. Бұл клиенттердің сенімін білдірсе керек.

Ең бастысы, жалақы, жәрдемақы, зейнетақы алатындардан комиссия ұсталмайды. Күні кеше Арыста болған төтенше жағдайға да Халық банкі көмек қолын созды: банк тарапынан аударылған 1,1 миллиард теңге көлемінде қаржыға Арыстағы мектеп пен балабақшаның құрылысы қалпына келтіріліп, ауруханаға құрал-жабдықтар сатып алынады. Халық банкіне тиесілі депозит көлемі де артқан. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Халық банкі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Банк жеке тұлғалар салымдары нарығында көшбасшылық позицияларды ұстап тұруды жалғастырады: оның бөлшек депозиттер нарығындағы үлесі 36,3 пайызға (3,2 млрд тг.) тең. Банк жеке тұлғалардың теңгедегі және шетел валютасындағы салымдары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін «Қазақстаннның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ белгілейтін шекті сыйақы мөлшерлемелеріне сәйкес қайта қарады (салымның мерзімі мен түріне байланысты), қолданыстағы депозиттер желісіне 2% номиналдық мөлшерлемесі бар (АҚШ долларымен) 60 айға жаңа мерзімді енгізу және «Оңтайлы» салымы (мерзімдік талаптарына сәйкес келетін) бойынша толықтыру «опциясын» ашу бөлігінде өзгерістер енгізді. Банктің кредиттік портфелі 2019 ж. 1 шілдедегі жағдай бойынша нарықтағы 18,76% үлеспен 969,7 млрд құрады.

Банк кепілсіз кредиттеудің бұрыңғыдан да қолайлы өнімін қосты – «Кредит желісі төлем картасына». Яғни клиент Банктік қарыз туралы шартқа қол қою үшін бір рет қана Банкке жүгінеді, одан кейін келесі транштарды «Homebank.kz» қосымшасы арқылы онлайн режимде ресімдеуге болады. Клиенттік база 2019 ж. 1 шілдедегі жағдай бойынша 10,1 млн клиентті құрады, оның ішінде белсенділері (банктік өнімдердің біреуден артығын қолданатындар) – 71% немесе 7,2 млн клиент.

Қазақстан Халық банкі шығаратын төлем карталардың саны 9,1 млн. құрады. Төлем карталарына қызмет көрсету бойынша нарықта Банктің үлесі белсенді карталар бойынша 35%-ды құрайды. Төлем карталары мен жалақылық жоба бойынша келесі пысықтаулар жүзеге асырылды: 1. Жалақыны есепке жатқызу сызбасы оңтайландырылды, яғни жалақыны есепке жатқызу уақыты 2 сағаттан 45 минутқа дейін қысқарды;

  1. Карталарды бөлімшелерде онлайн режимде жабу.

Банктің өңірлік өкілдіктері желісі көп жылдар бойы Қазақстандағы ең кең тарағандардың бірі болып табылады. 2019ж. 1 шілдедегі жағдай бойынша ол 24 филиал мен 617 сату арналарынан тұрады.

Банктің төлемдік инфрақұрылымы есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша 4 383 банкомат пен 1 107 төлем терминалдарын (соның ішінде. 63 мультикиоскі), және 74 039 POS-терминалын қамтиды.

Жеке тұлғаларға қашықтан қызмет көрсету. Бүгінгі күні Homebank пайдаланушыларының саны 3 860 мың клиентке дейін артты. 2019 жылдың екінші тоқсанында интернет-банкинг пайдаланушылары арасында 7 млн. астам төлем мен аударым жасалды.

Біз Homebank сервистерін белсенді дамытуды жалғастырамыз, осылайша 2019 жылдың 2 тоқсанында клиенттер үшін келесі мүмкіндіктер енгізілді:

– Homebank.kz. қосымшасына кіруге арналған жаңа жеңіл код-пароль. Код-пароль – бұл Android үшін Homebank мобильді қосымшасына кіруге арналған 4 таңбалы код.

– www.homebank.kz порталында картадан картаға Еуромен ақша аударымы іске қосылды.

– www.homebank.kz web-порталында қазірдің өзінде email мөртабаны бар төлем туралы түбіртекті жылдам жіберу қызметі операциялардың келесі түрі бойынша іске қосылды:

– ұялы байланыс төлемі

– АЛСЕКО/АЕО/AstanaERC коммуналдық қызметтерге ақы төлеу

– аударымдар

– Оңай көлік картасын төлеу

– Қазақтелеком қызметтеріне ақы төлеу

– ҚТҮҚЖБ депозиттерін толықтыру

– ҚТҚҮЖБ кредитін өтеу

– Танымал a-Parking қызметі енді Homebank қосымшаларында

– Қосымшада Астана мен Балқаш қалаларында 30-дан астам төлем қызметі, сондай-ақ Самұрық-Қазына қызметтеріне ақы төлеу іске қосылды.

– Кез келген ұялы телефон нөміріне картадан аударым қызметі қосылды.

– Қазақстан Республикасынан тыс жерде түсініспеушілікке жол бермеу үшін Homebank-те салық берешегін тексерудің пайдалы сервисі бар. Қызмет Homebank web-нұсқасында «Төлемдер» бөлімінде, «Салық және айыппұл» парақшасында көрсетіледі.

– Онлайн несие

– «Астана LRT» көлік картасын толтыру

– Tickets.kz қызметі.

Төлем терминалдары. 2019 жылдың 2 тоқсанында:

  • «Карта шотын толтыру» қызметі оңтайландырылды, енді картаның 16 санының орнына тек 4 ғана енгізу қажет;
  • ірі жеткізушілер – «Астана-ЕРЦ» ЖШС, Павлодарэнергосбыт ЖШС қызметтерін төлеу тәсілдері кеңейтілді және оңтайландырылды;
  • төлем терминалына арналған жаңа пайдаланушы интерфейсі әзірленді, қазір тестілеу жүргізілуде;
  • терминал арқылы төлем қабылдау үшін, оның ішінде Арыс қаласында зардап шеккендерге қаражат жинау үшін 70-тен астам жаңа төлем кодтары енгізілді.

2019 жылғы мамырда Халық банкінің салымдарын толықтыру қызметі іске асырылды, оның ішінде «Казкоммерцбанк» АҚ-тан клиенттің ағымдағы есепшотынан тыс тікелей депозиттік мәміле жасалды.

2019 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша банктің төлем терминалы желісінде жүзеге асырылған операцияның жалпы саны 4,2 млн.операцияны құрады, бұл 2018 жылға қарағанда (3 млн. операция) 39%-ға артық.

Әлеуметтік төлемдерді есептеу. Банк, сондай-ақ зейнетақы мен жәрдемақы алушыларға қызмет көрсету бойынша көшбасшы болуды жалғастырады – 2,5 млн. зейнетақы мен жәрдемақы алушы немесе-(немесе нарық бойынша үлеспен республика бойынша барлық төлем көлемінде 70,5%-ды, саны бойынша 68,1 пайызға тең.

ШАҒЫН және ОРТА БИЗНЕС

2019 жылғы 1 шілдедегі деректер бойынша Банкте 23 мыңнан астам қарыз берілген, 7 мыңнан астам қарыз алушыны қоса алғанда, 280 мыңнан астам ШОБ клиенттеріне қызмет көрсетіледі. ШОБ несиелік портфелі 512 млрд. теңгені құрады, екінші жартыжылдықтан бастап портфельдің өсімі басталды. Бизнесті қаржыландыру көлемі бойынша Банк қазақстандық нарықтың шамамен 39%-ын алады.

Әйелдер кәсіпкерлігін несиелендіру үшін Банк өз қаражаты есебінен 3 млрд. теңге бөлді. 2019 жылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша, Банк 2,7 млрд.теңге сомаға 346 жобаны қаржыландырды, қосымша 0,87 млрд. теңге сомаға 10 жоба мақұлданды, 0,2 млрд. теңге көлемінде қаржыландырылатын 22 жобамен жұмыс жүргізілуде.

Банк Onlinebank жүйесі арқылы «Заңды тұлғалар үшін төлемдер 24/7» қызметін және банкішілік операциялардың әр түрлі түрлерін ұсынады, оның ішінде:

  • заңды тұлғаның ағымдағы шотына заңды тұлғаның төлемдері;
  • жеке тұлғаның ағымдағы шотына заңды тұлғаның төлемдері;
  • заңды тұлғаның карталық шотына төлемдері;
  • заңды тұлғаның корпоративтік картаға төлемдері;
  • жалақы төлемдері;
  • өзіндік инкассация картасына аударым;
  • «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ пайдасына төлемдер (бірыңғай дербес шоттарға (БДШ) аударылатын төлемдер);
  • ұзақ тапсырмалар;
  • заңды тұлғаның ағымдағы шоттарына жеке тұлғалардан төлемдер алу.

Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу:

ШОКС өңірлік қаржыландыру бағдарламасы:

2016 жылдан бастап Халық Банкі мен «Даму» қоры арасында жалпы сомасы 20.9 млрд. теңгеге 62 келісім жасалды,оның ішінде 47 келісім бойынша 15.1 млрд. теңге сомаға қаражат игерілді. Қазіргі уақытта Халық банкі 2018 және 2019 жылдары бағдарлама бойынша бөлінген қаражатты бастапқы игеру жұмыстарын жалғастыруда.

Өңдеуші өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бойынша Даму Өндіріс 2 бағдарламасы:

Осы бағдарламаны іске асыруға мемлекет бөлген 64 млрд. теңгенің ішінен Халық Банкі 190,6 млрд.теңге сомасына 4 726 жобаны қаржыландырды (екінші рет игеруді ескере отырып). Бөлінген және игерілген қаражат көлемі бойынша Халық Банкі бірінші орынға ие.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, 1,2 және 3 бағыт:

Осы бағдарламаны іске асыру қорытындысы бойынша субсидиялау шеңберінде Халық банкі қол қойылған субсидиялау шарттарының саны бойынша қатысушы банктер арасында портфелінің көлемі 654,32 млрд.теңге 3 536 дана көлемінде бірінші орынды иеленіп отыр.

Бағдарламаға кепілдік беру шеңберінде Банк қол қойылған кепілдік шарттарының саны бойынша, сондай-ақ Қор кепілдігінің жиынтық көлемі бойынша да қазақстандық банктер арасында бірінші орында тұр. Осылайша, оны іске қосқан сәттен бастап Халық банкінің клиенттерімен 1310 кепілдік шартына қол қойылды, бұл кепілдіктің жалпы көлемінің 23,3%-ын (5 631) құрайды, бұл 18,95 млрд теңгені немесе кепілдіктердің жалпы сомасының 22%-ын құрайды.

«Еңбек» өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы:

Бұл бағдарламаға Банк 2017 жылдан бастап қатысады. Бағдарламаға қатысу кезінде банкте 8,8 млрд.теңге орналастырылды, оның ішінде Банк 6,38 млрд. теңгені игерді.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR қызметі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір